Индер аумағында тұратын 1979-1988 жылдары туылған ер азаматтарды 2006 жылдың маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 23 баптарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың 8 сәуірінде шығарған "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 96 Жарлығын іске асыру мақсатында және 2001 тжылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 8 тармақшасын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Индер ауданының әкімиятының 2006 жылғы 4 мамырдағы №114 «Индер аумағында тұратын 1979-1988 жылдары туылған ер азаматтарды 2006 жылдың маусым айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулысының күші жойылсын.
2. Шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды 2006 жылдың маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
3. Ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау үшін аудандық комиссияның құрамы бекітілсін (1 қосымша).
4. 2006 жылдың маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссияның негізгі және қосалқы құрамы бекітілсін (2 қосымша).
5. Аудан аумағында тұратын шақыруға жататын азаматтардың шақыру комиссиясынан өту кестелері бекітілсін (3, 4 қосымша).
6. Аудандық емханаға (З.Қаражанова) (келісім бойынша), аудандық орталық ауруханаға (Е. Сабыров) (келісім бойынша):
1) әскер қатарына шақырылатындардың денсаулығын медициналық куәландыру, дәрігерлік комиссияны қажетті маман медбикелермен толықтыру;
2) шақыру комиссияның жұмысы кезінде қажет болған жағдайда маман-дәрігерлерді облыстық денсаулық сақтау департаменті арқылы алдырту;
3) дәрігер мамандарды, медбикелерді негізгі жұмыс орнын сақтай отырып босату;
4) дәрігер мамандарды қажетті медициналық құралдармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
5) шақыру комиссиясы уақытында емделуге жіберілген азаматтардың аудандық ауруханада дер кезінде емделіп,сауықтырылуын қамтамасыз ету;
6) шақыруға жататын азаматтарды уақытында сапалы флюорографиялық тексеру және жалпы анализдерін, қан құрамын анықтап белгілеу және жүректің электрокардиограммасын жазу тапсырылсын.
7. Округтер әкімдеріне тиісті әкімінің аппаратынан өкіл бөле отырып, шақырылған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне жеткізуді және шақырудан жалтарған азаматтарды жергілікті учаскелік полиция қызметкері арқылы шығаруды қамтамасыз ету міндеттелсін.
8. Аудандық ішкі істер бөліміне (А.Аязғалиев) 2006 жылғы жазғы және күзгі шақыру уақыты аралығында шақыруға келмегендерді іздестіріп жеткізу, шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шақырылғандар командасын облыс орталығына жеткізу үшін арнайы полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын (келісім бойынша).
9. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Ө.Нұриев) мерзімді әскери қызметке шақырылғандармен сапалы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету үшін маусым және қазан-желтоқсан айларында ақылы қоғамдық жұмыс есебінен техникалық қызметкерлер бөлу тапсырылсын.
10. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Ж. Сұлтанғалиев) тендерден өткен жолаушылар тасымалдаушы жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасап, шақыртуға жататын азаматтарды әрбір округтен қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне жеткізу үшін автокөлік ұйымдастыру, 2006 жылдың жазында және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындысы туралы аудан әкімінің аппаратына хабарлама дайындау ұсынылсын (келісім бойынша).
11. Аудандық қаржы бөліміне (А.Серікқалиева) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 44 бабына сәйкес қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне қажетті дәрі-дәрмектерге, медициналық құрал-жабдықтарға, іс-қағаздарына тазалық жұмыстарына және шақырылушыларды тасымалдау үшін қаржы аудару міндеттелсін.
12. Осы қаулының орындалсын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Батыровқа жүктелсін.
Аудан әкімі
Н.Мұханбеталиев
Келісілді:
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
Ж.Сұлтанғалиев
«30» мамыр 2006 жыл
Аудандық орталық аурухананың
бас дәрігері Е.Сабыров
«30» мамыр 2006 жыл
Аудандық емхананың
бас дәрігері З.Қаражанова
«30» мамыр 2006 жыл
Аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының міндетін атқарушы
А.Аязғалиев
«30» мамыр 2006 жыл
Аудандық қаржы бөлімінің
бастығы А.Серікқалиева
«30» мамыр 2006 жыл
Аудан әкімиятының 2006 жылғы
«30» мамырдағы №130
қаулысына 1 қосымша
Ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау үшін аудандық комиссиясының құрамы
Сұлтанғалиев Жамбыл Байтұрсынұлы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, тіркеу комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);
Мұқышев Жұлдыз Сапарғалиұлы – аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, төрағаның орынбасары;
Гильманова Роза – медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Бимағамбетов Қуаныш – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Қаражанова Зоя Құбайдоллақызы – аудандық емхананың бас дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы (келісім бойынша).
Аудан әкімиятының 2006 жылғы
«30» мамырдағы №130
қаулысына 2 қосымша
2006 жылдың маусым айында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссиясының негізгі және қосалқы құрамы
Қаражанова Зоя – дәрігерлік комиссияның төрайымы
|
№
|
Мамандығы
|
Негізгі
|
Қосалқы
|
|
1.
|
Хирург
|
Ағзамов Аманжол
|
Сапиев Қаршыға
|
|
2.
|
Терапевт
|
Есқалиева Жанар
|
Таудаев Қайыржан
|
|
3.
|
Кардиолог
|
Тұнғатарова Айман
|
|
|
4.
|
Отоларинголог
|
Доспаева Анар
|
|
|
5.
|
Окулист
|
Құсайынова Анар
|
Агзамов Аманжол
|
|
6.
|
Невропатолог
|
Ермекқалиева Айжан
|
|
|
7.
|
Психиатр
|
Бакенова Ханбибі
|
|
|
8.
|
Стоматолог
|
Жасақбаева Тамара
|
Қожасов Нұртас
|
|
9.
|
Фтизиатр
|
Кетебаев Сапарғали
|
|
|
10.
|
Рентгенолог
|
Кетебаев Сапарғали
|
|
|
11.
|
Дерматолог
|
Қаражанова Күляш
|
|
|
12.
|
медбике
|
Мұқаналиева Жаңылсын
|
|
|
13.
|
Медбике
|
Шаханова Қадиша
|
|
|
14.
|
Медбике
|
Хайруллина Сәнжан
|
|
|
15.
|
Медбике
|
Ысқақова Дариға
|
Аудан әкімиятының 2006 жылғы
«30» сәуірдегі №130 қаулысына
3 қосымша
Аудан аумағында тұратын шақыруға жататын азаматтардың шақыру комиссиясынан өту кестесі
|
№
|
Округтер
|
22.06
|
23.06
|
26.06
|
27.06
|
28.06
|
29.06
|
30.06
|
3.07
|
4.07
|
5.07
|
|
1
|
Көктоғай
селолық
округі
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
2
|
Өрлік селолық
округі
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
3
|
Кулагино селолық
округі
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
4
|
Кулагино селолық
округі
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
5
|
Горы селолық
округі
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
6
|
Жарсуат
ауылдық
округі
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
7
|
Бөдене
ауылдық
округі
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
8
|
Индер
қалашығы
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
9
|
Индер
қалашығы
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
10
|
Қосалқы күн
|
Х
|
Аудан әкімиятының 2006 жылғы
«30» мамырдағы №130
қаулысына 4 қосымша
Аудан аумағында тұратын шақыруға жататын азаматтардың шақыру комиссиясынан өту кестесі
|
№
|
Округтер
|
3.10
|
4.10
|
5.10
|
6.10
|
9.10
|
11.10
|
12.10
|
13.10
|
16.10
|
17.10
|
|
1
|
Көктоғай
селолық
округі
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
2
|
Өрлік селолық
округі
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
3
|
Кулагино селолық
округі
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
4
|
Кулагино селолық
округі
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
5
|
Горы селолық
округі
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
6
|
Жарсуат
ауылдық
округі
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
7
|
Бөдене
ауылдық
округі
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
8
|
Индер
қалашығы
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
9
|
Индер
қалашығы
|
Х
|
Х
|
||||||||
|
10
|
Қосалқы күн
|
Х
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.