Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты ұй-жайланда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-I «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағына сәйкес және Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 1 қарашадағы №308 «Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы» Қаулысының негізінде эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуды тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 3 тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі» бекітілсін (қосымша).
2. Округтер әкімдері эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуға арналған арнайы бөлінген тұрқты үй-жайлар белгілесін.
3. Аудан әкімиятының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы №204 «Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Батыровқа жүктелсін.
Аудан әкімі
Е.Жалелов
«Казпочта» акционерлік қоғамының
Индер аудандық торабының меңгерушісі
Қ.Жанузақова
«26» сәуір 2006 жыл
Аудан әкімиятының 2006 жылғы
«26» сәуірдегі №95 қаулысына
қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайты мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі (бұдан әрі-Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-I «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағы (бұдан әрі-Заң) негізінде әзірленген және эротикалық сипаттағы материалдар саудада тәртіпке келтіруге бағытталған.
2. Ереже эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзімді баспа басылымдарына, соның ішінде жақын және алыс шет елдерден әкелінетіндерге де қолданылады.
3. Заңның 1 бабының 14 тармақшасына сәйкес, тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қаузайтын баспасөз басылымы немесе теле-радио бағдарламасы эротикалық сипаттағы өнім болып табылады.
2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімде баспа басылымдарын бөлшек саудада сату
4. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын бөлшек саудада сату арнайы бөлінген тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылады.
5. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдары бөлшек саудада тек қана мөлдір ораммен буылып-түйілген күйінде сатуға жол беріледі.
6. «Казпочта» акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалынан тіркеме қағаздарымен келген эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын бөлшек саудада сатылатын орындар төмендегіше белгіленсін:
«Казпочта» акционерлік қоғамының Индер аудандық торабы және Жарсуат, Бөдене ауылдық, Елтай, Кулагино, Өрлік, Көктоғай селолық бөлімшелері.
7. Көрсетілген баспа басылымдарын:
1) он сегіз жасқа толмаған тұлға;
2) балалар мекемелерінде және оқу орындары мен оған 150 метр қашықтықта іргелес жатқан аумақта;
3) мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде, сондай-ақ сәулет және тарихи ескерткіштердің маңында;
4) қоғамдық көлікте, аялдамаларда, адамдар жаппай демалатын орындарда сатуға тиым салынады.
3. Осы Ережені сақтаудағы жауапкершілік
8. Ережені бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.