«Аққайың аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындарын анықтау және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуi үшiн үй-жай ұсыну туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қантардағы № 28 қаулысының күші жойылғандығын тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 сәуір 2015 ж.

    «Аққайың аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындарын анықтау және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуi үшiн үй-жай ұсыну туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қантардағы № 28 қаулысының күші жойылғандығын тану туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Аққайың аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындарын анықтау және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуi үшiн үй-жай ұсыну туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қантардағы № 28 қаулысының (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 18 ақпандағы № 3108 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпандағы № 8 «Колос» газетінде, 2015 жылғы 26 ақпандағы № 8 «Аққайың» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы С.Қ. Сарсымбаевқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Д. Байтөлешов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.