«Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 96 қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабы 2–тармағына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 – бабына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 96 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 3910 нөмірмен тіркелген, «Бесқарағай тынысы» газетінде 2015 жылғы 16 мамырда № 40-41 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай ауданының әкімі
Н. Токсеитов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.