«Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 маусым 2016 ж.

    «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 487-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген, бұйрығына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Көрсетілген шешіммен бекітілген, жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының мөлшері, қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы

    Ж. МҰХАМБЕТПАЙЗОВА

    Облыстық мәслихаттың хатшысы

    С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

    2016 жылғы 03 маусымдағы № 23

    облыстық мәслихаттың шешіміне

    қосымша

    2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235

    облыстық мәслихаттың шешіміне

    қосымша

    Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының МӨЛШЕРІ

    Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембi өзендерінің бассейндері

    № р/с
    Арнаулы су пайдаланудың түрі
    Өлшем бірлігі
    Төлемақы ставкалары
    1.
    Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
    теңге/1000 тек.м
    113,0
    2.
    Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
    теңге/1000 тек.м
    328,0
    3.
    Ауыл шаруашылығы
    теңге/1000 тек.м
    91,0
    4.
    Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
    теңге/1000 тек.м
    89,0
    5.
    Су энергетика
    теңге/1000 кВт.сағ
    -
    6.
    Су көлігі
    теңге/1000 тек.м
    11,0
    Торғай, Ырғыз өзендерінің бассейндері
    № р/с
    Арнаулы су пайдаланудың түрі
    Өлшем бірлігі
    Төлемақы ставкалары
    1.
    Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
    теңге/1000 тек.м
    98,0
    2.
    Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
    теңге/1000 тек.м
    276,0
    3.
    Ауыл шаруашылығы
    теңге/1000 тек.м
    76,0
    4.
    Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
    теңге/1000 тек.м
    76,0
    5.
    Су энергетика
    теңге/1000 кВт.сағ
    -
    6.
    Су көлігі
    теңге/1000 тек.м
    -
    Ескертпе: Төлемақы мөлшерлерi сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейiндегi индексiн ескере отырып есептеледi.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.