«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 114 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 маусым 2026 ж.

    «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 114 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 114 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

    12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен экономика және қаржы бөліміне кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер аудандық бюджет кірісіне жіберіледі.»;

    2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2-тарау. Экономика және қаржы бөлімінің міндеттері, функциялары және өкілеттіктері»;

    15-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «11) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың өз қызметін қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қорғаныс, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мәселелері бойынша шығыстарына қатысты бюджеттік сұранымдарын қарау, бағалау және қорытынды дайындау;»;

    15-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «19) бюджеттік жүйеде бюджеттік және бухгалтерлік есепті, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептілікті дамытуға және жетілдіруге қатысу;»;

    15-тармақтың 23), 24) тармақшалары алынып тасталсын;

    15-тармақтың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «26) Бөлім аудандық коммуналдық мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне, жеке меншіктен ауданның коммуналдық меншігіне беру жөніндегі қабылдау-тапсыру актілерін бекітеді;»;

    15-тармақтың 31) тармақшасы алынып тасталсын;

    15-тармақтың 49) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «49) аудандық коммуналдық мүлікті сатудан, аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға беру), сенімгерлік басқаруға беруден түсетін ақшалай қаражаттың аудандық бюджет кірісіне толық және уақтылы түсуіне бақылау жасау, берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау;»;

    15-тармақтың 54) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «54) өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша талдау, мониторинг және есептілік жүргізу.».

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялансын және енгізу үшін жолдауды;

    2) осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның экономика және қаржы бөлімінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген өзгеріс жөнінде әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі

    Р. Аңбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.