Алға аудандық мәслихатының «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қаңидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 12 ақпандағы № 258 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 шілде 2016 ж.

    Алға аудандық мәслихатының «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қаңидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 12 ақпандағы № 258 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27, 63 баптарына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 258 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4775 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірде аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

    Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы

    А. Нұрғалиев

    Аудандық мәслихат хатшысы

    Б. Жұмабаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.