2026–2031 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 маусым 2026 ж.

    2026 – 2031 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына, «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелді) бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2026 – 2031 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары есептеу аспаптары болмаған кезде айына бір адамға шаққанда 6,9205 килограмм мөлшерінде бекітілсін.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

    Ғ. Нұрмұхамбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.