Рудный қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 маусым 2026 ж.

    Рудный қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Рудный қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,011 (нөл бүтін он бір мыңыншы) мөлшерінде бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қалалық мәслихат төрағасы

    А. Искаков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.