Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 453-бапта:
тақырып «дайындау,» деген сөзден кейін «басып шығару,» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы «дайындау,» деген сөзден кейін «басып шығару,» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацы «дайындау,» деген сөзден кейін «басып шығару,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 504-бап мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«7. Осы баптың бiрiншi, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
3) 804-баптың бірінші бөлігінің 46) тармақшасындағы «436,» деген цифрлар «436, 462 (үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 889-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда қаулының, нұсқаманың орындалуын тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады.».
2-бап. Осы Заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.