Сарыағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сарыағаш аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1). 2014 жылғы 31 наурыздағы №29-238-V «Сарыағаш аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2653 тіркелген, «Сарыағаш» газетінде 2014 жылғы 30 мамырда жарияланған);
2). 2015 жылғы 27 наурыздағы №40-342-V ««Сарыағаш аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Сарыағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы №29-238-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3115 тіркелген, «Сарыағаш» газетінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған);
3). 2015 жылғы 26 маусымдағы №41-369-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3233 тіркелген, «Сарыағаш» газетінде 2015 жылғы 17 шілдеде жарияланған).
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
С.Селтанов
Аудандық мәслихат хатшысы
Ж.Сулейменов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.