Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдістемесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 сәуір 2025 ж.

    Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдістемесін бекіту туралы

    Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдістемесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

    3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

    5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы

    Н. Айдапкелов

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының

    2016 жылғы 31 мамырдағы

    № 99 бұйрығымен бекітілді

    Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдістемесі

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылған және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңымен бекітілген статистикалық әдіснамаға жатады.

    2. Әдістеме қолданыстағы жалпы статистикалық байқаулар шегінде қалыптастырылған ресми статистикалық деректерді пайдалану негізінде тұтыну бағалар индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдісін айқындайды.

    3. Әдістеме Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы қызметкерлерінің статистикалық қызметте қолдануына арналған.

    4. Тұтыну бағасының индексі (бұдан әрі – ТБИ) елде инфляция деңгейін сипаттайтын жалпыға бірдей танылған статистикалық көрсеткіш болып табылады.

    Қазақстанның статистикалық тәжірибесінде оның ақпараттық ағыны негізінде келесі туынды көрсеткіштердің:

    әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының баға индексі;

    орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары әртүрлі деңгейдегі халық топтары үшін баға индексі;

    базалық инфляция есебі жүзеге асырылады.

    Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарларға баға индексі (бұдан әрі – ТБИ-имп) ТБИ мәндерінде есепке алынған импорттық өндіріс тауарларына баға өзгерісінің шамасын сипаттайтын импорттық тауарларға және елдің ішкі нарығына түскен отандық өндірушілер тауарларына баға серпінінің әсерінен қалыптасқан туынды көрсеткіш болып табылады.

    ТБИ-имп есебі берілген уақыт кезеңі ішінде құраушы элементтердің белгілі және өзгерілмейтін сандық қатынастарымен тұтыну шығыстарының баптарына сәйкес көрнекті іріктелген дәл сол тауарлар жиынтығына негізделеді.

    ТБИ-имп көрсеткіші инфляцияның беталысын, оны анықтайтын факторларды, ағымдағы және орта мерзімді болжамды экономикалық талдауда қолданылады.

    2-тарау. Бастапқы деректер және есептеу үшін айқындамалар тізімі

    5. ТБИ-имп есептеу үшін бастапқы деректер келесі статистикалық ақпараттар ағыны болып табылады:

    1) елдің ішкі нарық ресурстарында отандық өндіріс тауарларының және импорт бойынша түскен тауарлардың үлестерін айқындау үшін ресурстардың балансы және шикізаттың, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімнің және тұтыну тауарларының аса маңызды түрлерін пайдалану туралы статистикалық ақпарат (бұдан әрі – Ресурстар теңгерімі) пайдаланылады;

    2) ТБИ-имп үшін отандық және импорттық өндіріс тауарының «шартты» салмағын анықтау үшін есепке енетін айқындамалар тізімі бойынша

    ТБИ-дің салмақтық компоненттері пайдаланылады;

    3) баға өзгерісін бағалау үшін:

    тауарлардың санаттары және топтары бойынша тұтыну бағасының индексі;

    тұтыну мақсатындағы тауарлар өндірісін көрсететін өңдеу өнеркәсібінің қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі (бұдан әрі – ӨБИ);

    алдын ала қайта өңдеусіз (жаңа піскен көкөністер, картоп, жидектер мен жемістер, шикі сүт, жұмыртқа) тұтыну нарығына түсетін өнімдер бойынша ауыл шаруашылығы өніміне өткізу бағасының индексі (бұдан әрі – АШБИ);

    түпкілікті мақсат бойынша «тұтыну тауарлары» тобына енетін тауарлар түрлері бойынша өнімдердің импорттық түсімдер бағасының индексі (бұдан әрі – ИМТБИ);

    ИМТБИ жоқ болған жағдайда ТМД елдері және ТМД тыс елдер өндірісі тауарларына көтерме саудада сату бағасының индексі (бұдан әрі – КСБИ) қолданылады.

    6. Жоғарыда тізбектелген ақпараттық ағындар негізінде ТБИ-имп есептеу үшін айқындамалар анықталады.

    Ресурстар теңгерімінің деректері бойынша және тауарлардың импорттық тәуелділігін ескере отырып тізімге айқындамалар қосылды, олар бойынша:

    1) елдің ішкі нарығы ресурстары көлемінің 80 пайыздан астамы импорт есебінен құрылады;

    2) ішкі нарық ресурстары отандық өндіріс және импортпен көрсетілген және олардың ел ішіндегі тұтыну көлемі экспорттан асады деген шарт орындалады;

    3) импорттың үлес салмағы 20 пайыздан кем.

    ТБИ-имп есептеу үшін позициялар тізбесі ТБИ құрайтын азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың жекелеген түрлерін қамтиды.

    ТБИ-ға кіретін көрсетілетін қызметтер ТБИ-имп есебіне кірмейді, олар ел ішінде өндіріледі деп есептелінеді.

    7. Жоғарыда көрсетілген ТБИ-имп есептеу үшін қолданылатын статистикалық көрсеткіштер әртүрлі дезагрегация жүйесі мен оларға сәйкес келетін стандартты жіктеуіштер негізінде құрылады.

    Ресурстар теңгерімі үшін ӨБИ, АШБИ және ИМТБИ салалық жіктеуіштері мыналар болып табылады:

    1) ӨӨСЖ – өнеркәсіп өнімдерінің статистикалық жіктеуіші (тауарлар, қызмет көрсету);

    2) АШӨСЖ – ауыл, орман және балық шаруашылығы (қызмет көрсету) өнімдерінің статистикалық жіктеуіші;

    3) СЭҚТН ЕЭО – Еуразиялық экологиялық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.

    Тұтыну бағасының индексі үй шаруашылықтары жүзеге асыратын түпкілікті тұтыну шығыстарын жіктеуге арналған Мақсаттар бойынша жеке тұтыну жіктеуішіне тауарлық айқындамалар номенклатурасы (МКТЖТАН) бойынша жіктеледі.

    ТБИ-имп есебінде пайдалану кезінде деректер үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін МКТЖТАН сәйкес келетін иерархиялық құрылымға сәйкес ақпараттық ағындардың сәйкестігі кестесі (бұдан әрі – Сәйкестік кестесі) құрылады.

    Сәйкестік кестесінде ТБИ-имп әрбір айқындамасына МКТЖТАН сәйкес ӨӨСЖ (АШӨСЖ) және СЭҚТН ЕЭО (КСБИ) бойынша жіктелетін тиісті айқындама таңдалады.

    ТБИ-имп бір айқындамасына ӨӨСЖ (АШӨСЖ) СЭҚТН ЕЭО (КСБИ) бір немесе бірнеше айқындамалары сәйкес келеді.

    Сәйкестік кестесіне олардың барлығы кіреді және оларды есептеуде пайдалану үшін алдын ала агрегациялау алгоритмі анықталады.

    3-тарау. Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарларға баға индексін есептеу тәртібі

    8. Тұтыну нарығындағы тауарларға бағаның өзгеруі, отандық өндірушілердегі ұқсас тауарға баға өзгеруіне және импорттық жеткізілімдер тауарының баға өзгерісіне байланысты. Бұл өзара байланыс, ТБИ-имп есебінің негізі болып табылатын келесі теңдеумен беріледі.

    мұндағы:

    wₒ×ᵢt – t кезеңінде тұтыну нарығындағы тауарларға ТБИ құрылымындағы оның салмағын есептегенде, бағаның өзгеруі;

    ᵢppᵢ×dppᵢ – елдің ішкі нарық ресурстарындағы үлесін (ppᵢ) қоса алғандағы отандық тауарлар бағаларының өзгеруі;

    ᵢᵢmp×dᵢmp – елдің ішкі нарық ресурстарының үлесін (ppᵢ) қоса алғандағы импорттық тауарлар бағаларының өзгеруі.

    9. ТБИ-имп қалыптастыру екі кезеңде жүзеге асырылады:

    Алдын-ала ТБИ-имп-ға енгізілген әр топ тауарлары бойынша, отандық кәсіпорындармен өндірілген және импорт бойынша түскен тауарлардың үлесін және ТБИ-имп есептеуінде пайдалану үшін олардың «шартты» салмағы анықталады.

    Үлестер ТБИ-имп есептеулеріндегі базистік деп қабылданған жылдың қаңтар-желтоқсанына ресурстар теңгерімі деректері бойынша, мына формула бойынша есептеледі:

    мұндағы:

    dᵢmp, dppᵢ – елдің ішкі нарығы ресурстарындағы импорттық (ᵢmp) және отандық (ppᵢ) тауар үлесі;

    ∑ res – елдің ішкі нарығындағы ресурстар құны;

    ∑ ᵢmp – елге әкелінген өнім құны;

    ∑ ppᵢ – отандық өндірушілер өнімінің құны.

    Есептелген үлестер негізінде және ТБИ бойынша айқандамалар салмағына сәйкес отандық және импорттық өндіріс тауарларының «шартты» салмағы мына формула бойынша айқындалады.

    мұндағы:

    wᵢmp, wppᵢ – ТБИ құрылымындағы импорттық (ᵢmp) және отандық тауардың (ppᵢ) шартты салмағы;

    wₒ – ТБИ құрылымындағы тауар салмағы;

    dppᵢ – елдің ішкі нарығы ресурстарындағы (ppᵢ) отандық тауар үлесі;

    dᵢmp – елдің ішкі нарығы ресурстарындағы (ᵢmp) импорттық тауар үлесі.

    ТБИ-имп есептерінде отандық және импорттық өндіріс тауарларының «шартты» салмағы және импорттың үлесі есепті жыл бойы өзгеріссіз қалады.

    10. ТБИ-имп есебі тікелей келесідей тәртіпте ай сайынғы негізде жүргізіледі:

    1) Сәйкестік кестесіне сәйкес ТБИ (АШБИ), ИМПБИ (КӨТБИ) ақпараттық массивтерінен нақты қалыптасқан салыстырмалы бағалық анықталады (icpif, iimpf, ippif). ТБИ-имп жеке айқындамалары үшін шығыс салыстырмалы бағалығы сәйкестік кестесінде берілген алгоритмге сәйкес айқындалады.

    Салыстырмалы бағалық және «шартты» салмақты ескере отырып құрылымдық салыстырмалы бағалық анықталады (ҚСБ):

    мұндағы:

    ҚСБ (cpᵢ, ᵢmp, ppᵢ) – тиісінше, сәйкес құрылымдық салыстырмалы бағалық ;

    wₒ, wᵢmp, wppᵢ – тиісінше, ТБИ тауар салмағы және ТБИ құрылымындағы импорттық салмағы және отандық тауардың «шартты» ТБИ тауар салмағы;

    ᵢcpᵢf, ᵢᵢmpf, ᵢppᵢf – тиісінше, нақты қалыптасқан салыстырмалы бағалық.

    2) отандық және импорттық өндіріс тауарлары бойынша құрылымдық салыстырмалы бағалығының сомасы анықталады және ол кейіннен қалыпқа келтіру үшін ТБИ бойынша құрылымдық салыстырмалы бағалық мәнімен салыстырылады.

    Ескертпе: олардың теңсіздігінде отандық және импорттық өндірушілердің тауарлары бойынша құрылымдық салыстырмалы бағалықты қалыпқа келтіру жүзеге асырылады.

    Қалыпқа келтіру коэффиценті (KN), ТБИ бойынша құрылымдық салыстырмалы бағалық және отандық және импорттық өндіріс тауарына құрылымдық салыстырмалы бағалықтың қатынасы ретінде есептеледі:

    мұндағы:

    KN – қалыпқа келтіру коэффициенті;

    ҚСБ (cpᵢ, ᵢmp, ppᵢ) – тиісінше, құрылымдық салыстырмалы бағалық.

    3) отандық және импорттық өндіріс тауарларына құрылымдық салыстырмалы бағалықты қалыпқа келтіру оларды шыққан коэффициентке көбейту арқылы жүргізіледі:

    мұндағы:

    ҚСБN (ᵢmp, ppᵢ) – тиісінше, қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық;

    ҚСБ (ᵢmp, ppᵢ) – тиісінше, құрылымдық салыстырмалы бағалық;

    KN – қалыпқа келтіру коэффициенті.

    4) отандық және импорттық өндіріс тауарлары бағасының өзгеруінің қалыпына келтірілген мәні қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық және «шартты» салмақтың қатынасы ретінде анықталады:

    iNimp = ҚСБNimp / Wimp,

    iNppi = ҚСБNppi / Wppi,

    мұндағы:

    iN (imp, ppi) – тиісінше, қалыпқа келтірілген салыстырмалы бағалық;

    ҚСБN (imp, ppi) – тиісінше, қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық;

    Wimp, Wppi – тиісінше, ТБИ тауар салмағы және ТБИ құрылымындағы импорттық салмағы және отандық тауардың «шартты» ТБИ тауар салмағы.

    Алынған шама iNimp – нақты айқындама үшін ТБИ құрамындағы импорттық өндіріс тауарлары бағасының өзгеруін сипаттайтын ТБИ-имп мәні болып табылады.

    «Жарма» айқындамасы бойынша ТБИ-имп есептеудің өтпелі мысалы Әдістеменің қосымшасында көрсетілген.

    11. ТБИ-имп есебі барлық агрегацияның жоғары тұрған сатылары және жалпы қосындыланған қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық құрылымының және сәйкес агрегатқа кіретін салмақ сомма негізінде есептеледі.

    Импорттық өндіріс тауарларының үлесі 100 пайыз, ал отандық өндіріс 0 пайызға тең болса және керісінше тауарлар тобының соммасында немесе импорттық немесе отандық өнім есептелетін ТБИ-ден нақты салыстырмалы бағалық қолданылады.

    12. ТБИ-имп есебі өткен аймен салыстырғанда есепті айдың баға индексінде жүзеге асырылады.

    Айлық индекстерді өткен жылдың желтоқсанына есептеу тізбектеу әдісі арқылы, яғни өткен жылдың желтоқсанына есебінің алдындағы айға баға индексін есепті айдың баға индексіне көбейту арқылы жүргізіледі.

    Бағалау үшін қолданылатын баға индексін қалыптастырудың уақыт аралығындағы бар айырмашылықтар арқасында ТБИ-имп есебі өткенді ескеру арқылы жүреді.

    13. Қолданылған ақпараттық ағындарды қайта қарау келесі түрде жүргізіледі:

    1) ТБИ-имп тізіміне ресурстар теңгерімі айқындамаларын қысқарту, кеңейту жағдайында өзгерістер енгізіледі;

    2) ТБИ-имп «шартты салмақтарын» есептеу үшін импорт үлесі жыл сайын өткен жылғы ішкі нарық қорларының мөлшері туралы орташа жылдық деректерді жариялағаннан кейін өзектендіріледі;

    3) Сәйкестік кестесі ТБИ-имп айқындамалар тізімін өзгертумен бір мезгілде және (ТБИ, АШБИ, ИМТБИ, КСБИ) тиісті баға индекстерін құру үшін ақпарат ағындарын алмастыру жағдайында қаралады;

    4) ТБИ-имп «шартты салмақтары» өзектендірілген импорт үлесі және ағымдағы жылға анықталған ТБИ есептеуге оның салмақтық компоненттері негізінде жыл сайын қайта есептеледі.

    Тұтыну бағалар индексі құрамындағы имптортталған тауарлардың баға индексін есептеу әдістемесіне 1-қосымша

    ТБИ-иқм есептеу үшін айқындамалар тізімі

    Топ коды
    Топтың атауы
    ТБИ құраушылары
    Бағалық бағалау үшін ақпараттық дереккөз:
    ТБИ арқылы
    ИМПБИ арқылы
    0111
    Нан және жарма өнімдері
    Күріш
    х
    х
    Ұн
    х
    х
    Жарма
    х
    х
    Нан
    х
    Макарон өнімдері
    х
    х
    Тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері
    х
    х
    Жарма өнімдері
    х
    х
    0112
    Ет
    х
    х
    01121
    Ет және құс еті
    Сиыр еті
    х
    Жылқы еті
    х
    Шошқа еті
    х
    Қой еті
    х
    Құс еті
    х
    х
    Еттің өзге де түрлері және қосалқы өнімдер
    х
    01122
    Шұжық, ет өнімдері
    Шұжықтар
    х
    х
    Ет өнімдері
    х
    х
    0113
    Балық және теңіз өнімдері
    Жаңа ауланған немесе мұздатылған балық және теңіз өнімдері
    х
    х
    Қайта өңделген немесе консервіленген балық
    х
    х
    0114
    Сүт, ірімшік және жұмыртқа
    Жаңа сауылған сүт
    х
    х
    Консервіленген сүт
    х
    х
    Қышқыл сүт өнімдері
    х
    х
    Ірімшік және сүзбе
    х
    х
    Жұмыртқа
    х
    х
    0115
    Май және тоң май
    Мал майы
    х
    х
    Маргарин
    х
    х
    Күнбағыс майы
    х
    х
    Зәйтүн майы
    х
    х
    0116
    Жемістер
    Жаңа жиналған жемістер
    х
    х
    Қайта өңделген және консервіленген жемістер
    х
    х
    0117
    Көкөністер
    Жаңа жиналған көкөністер
    х
    х
    Картоп
    х
    х
    Қайта өңделген және консервіленген көкөністер
    х
    х
    0118
    Қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер
    Қант
    х
    х
    Джем, повидло, бал
    х
    х
    Кондитерлік өнімдер
    х
    х
    Балмұздақ
    х
    х
    0119
    Басқа дәрежелерге жатқызылмаған азық-түлік өнімдері
    Дәмдеуіштер
    х
    х
    Басқа да азық-түліктер
    х
    х
    012
    Алкогольсіз сусындар
    Кофе, шай және какао
    х
    х
    Минералды және ауыз су
    х
    х
    Салқындатылған сусындар
    х
    х
    Жеміс және көкөніс шырындары
    х
    х
    021
    Алкогольдік ішімдіктер
    Арақ
    х
    х
    Қарапайым маркалы коньяктар
    х
    х
    Жүзімнен және басқа да жемістерден дайындалған шарап
    х
    х
    Күшейтілген және шымырлататын шарап
    х
    х
    Сыра
    х
    х
    022
    Темекі өнімдері
    х
    х
    0311
    Киім тігуге арналған материалдар
    х
    х
    0312
    Сырт киім
    Трикотаж және шұлықтар бұйымдары
    х
    х
    Трикотаж және шұлықтар бұйымдарынан басқа киімдер
    х
    х
    0313
    Басқа да киімнің заттары мен аксессуарлары
    х
    х
    0321
    Бәтеңкелер, туфли және өзге де аяқ киім
    х
    х
    0431
    Тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдар
    Терезелік жалпақ әйнектер
    х
    х
    Тұсқағаздар
    х
    х
    Сыр және лак
    х
    х
    Кафель
    х
    х
    Цемент M400
    х
    х
    Құрғақ құрылыс қоспалары
    х
    х
    04520002
    Сұйытылған газ үшін төлем
    х
    х
    0454
    Қатты отын
    х
    х
    0511
    Жиһаз және үйге қажетті заттар
    х
    х
    0512
    Кілемдер мен еденге арналған кілемдік жабындар
    Жібек қосылып тоқылған түкті кілем
    х
    х
    Синтетикалық кілем (алаша)
    х
    х
    Линолеум
    х
    х
    0520
    Үй тұрмысында қолданылатын тоқыма бұйымдар
    х
    х
    0531
    Электр және электр емес тұрмыстық ірі жабдықтар
    Тоңазытқыштар, мұздатқыштар
    х
    х
    Кір жуатын және ыдыс жуатын машиналар
    х
    х
    Ірі электр-тұрмыстық құрылғылар
    х
    0532
    Ұсақ электр-тұрмыстық құрылымдар
    х
    0540
    Шыны бұйымдары, асхана және үйге қажетті құрылғылар
    Шыны және қыш бұйымдар
    х
    Асханалық құрылғылар
    х
    Электр емес ас үйлік керек-жарақтары мен тұрмыстық бұйымдар
    х
    0551
    Ірі аспаптар мен құралдар
    х
    0552
    Ұсақ аспаптар мен әр түрлі құралар
    Ұсақ электр бұйымдары
    х
    Қолға ұстайтын құралдар мен құрал-саймандар
    х
    х
    0561
    Қысқа мерзімде пайдаланылмайтын тұрмыстық тауарлар
    Жуғыш және тазалағыш құралдар
    х
    Үй тұрмысындағы ұсақ заттар
    х
    х
    0611
    Фармацевтикалық өнімдер
    х
    х
    0612
    Медициналық мақсаттағы өзге де өнімдер
    Шприцтер
    х
    х
    Медициналық таңғыш
    х
    х
    Мақта
    х
    х
    0613
    Емдеу жабдықтары мен аппараттары
    х
    х
    0711
    Көліктер
    х
    х
    0721
    Жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар
    Автошиналар
    х
    х
    Автофильтрлер
    х
    х
    0722
    Жеке көлік құралдарына арналған отын мен жанар-жағар май материалдары
    Бензин
    х
    х
    Дизель отыны
    х
    х
    Мотор майы
    х
    х
    0820
    Телефондық және факсимильдік жабдықтар
    х
    0911
    Дыбыстар мен бейнелерді қабылдау, жазу және жаңғыртуға арналған жабдықтар
    х
    х
    0912
    Фото- және киножабдықтар мен оптикалық аспаптар
    х
    х
    0913
    Ақпараттарды өңдеуге арналған жабдықтар
    Тасымалды дербес компьютер (ноутбук)
    х
    х
    Калькуляторлар
    х
    0914
    Жазатын құрылғылар мен материалдар
    Жазуы бар материалдар
    х
    х
    Жазылмаған (таза) материалдар
    х
    092
    Демалыс және мәдени шаралар ұйымдастыру үшін ұзақ қолданылатын басқа да ірі тауарлар
    х
    093
    Демалуға, спортқа арналған басқа да тауарлар мен жабдықтар, бағбандық және үй жануарлары
    х
    095
    Газеттер, кітаптар және кеңсе тауарлары
    Кітаптар, газеттер және журналдар
    х
    х
    Кеңсе тауарлары мен сызу құралдары
    х
    х
    1212
    Жеке қолданатын электр аспаптары
    х
    1213
    Жеке қолданатын өзге де тауарлар және аспаптар, заттар
    Сусабын
    х
    х
    Тіс пастасы
    х
    х
    Иіс сабын
    х
    х
    Балаларға арналған сабын
    х
    х
    Дезодорант
    х
    х
    Иіс су
    х
    х
    Шашқа арналған бояулар
    х
    Ерін далабы
    х
    Қырынуға арналған зат
    х
    Тіс щеткасы
    х
    Дәретхана қағазы
    х
    х
    Гигиеналық төсемелер
    х
    х
    Кішкене жаялық
    х
    х
    12311
    Зергерлік бұйымдар, қолсағаттар
    х
    1232
    Жеке қолданатын өзге де заттар
    х

    Тұтыну бағалар индексі

    құрамындағы имптортталған

    тауарлардың баға индексін

    есептеу әдістемесіне қосымша

    Тұтыну бағалар индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеудің өтпелі мысалы

    Есептеу мысалында мынадай қысқартулар қолданылады:

    1) ҚР-тауары – есептеудегі отандық өндірістің тауары бойынша ақпаратты көрсететін айқындама;

    2) ИМП-тауары – республикаға импортталатын тауар туралы ақпаратты көрсететін айқындама;

    3) Ресурстар теңгерімі – ресурстардың теңгерімі және шикізаттың, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдердің және тұтыну тауарларының маңызды түрлерін пайдалану туралы статистикалық ақпарат;

    4) ТБИ – тұтыну бағаларының индексі;

    5) ӨБИ – өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағаларының индексі;

    6) ИМПТБИ – импорттық өнімдер түсімі бағаларының индексі.

    ҚР-тауар және ИМП-тауарының үлесін анықтау үшін деректер Ресурстар теңгерімінің «ресурстар», «өндіріс», «импорт» тармақтарында берілген және олардың үлес салмағы «ресурстар» жолында анықталады.

    1-мысал

    ҚР-тауарының және ИМП-тауарының үлесін есептеу

    Ресурстар теңгеріміндегі айқындамалар
    Ресурстар
    Өндіріс
    Импорт
    Күрішті қосқанда, жарма, тонна
    71200
    63215
    7985
    оның ішінде күріш
    52219
    46015
    6204
    Деректер айырмашылығы
    18981 (71200-52219)
    17200 (63215-46015)
    1781 (7985-6204)
    «Жармалар» айқындамасындағы үлесі
    ҚР-тауар = 0,9062 (17200/18981)
    ИМП-тауар = 0,0938 (1781/18981)
    Табылған үлесті ескере отырып, оның ТБИ-дегі салмағына сәйкес айқындамалар бойынша ҚР-тауарының және ИМП-тауарының «шартты» салмағы анықталады.
    2-мысал

    ҚР-тауарының және ИМП-тауарының шартты салмағын есептеу

    Атауы
    Ресурстардағы үлесі
    ТБИ-дегі салмағы
    А
    1
    2
    Жармалар
    0,00387
    ИМП- тауары
    0,0938
    0,00036=(0,00387*0,0938)
    ҚР- тауары
    0,9062
    0,00351=(0,00387*0,9062)
    Есепті айға нақты салыстырмалы бағалық: ТБИ – айқындамалар бойынша толығымен, ӨБИ – ҚР-тауарларының айқындамалары бойынша, ИМПТБИ – ИМП-тауарларының айқындамалары бойынша анықталады.
    Олардың салмағы ескеріліп, құрылымдық салыстырмалы бағалық анықталады.
    3-мысал

    Құрылымдық салыстырмалы бағалықты есептеу

    Атауы
    ТБИ салмағы
    Нақты салыстырмалы бағалық
    Құрылымдық салыстырмалы бағалық
    А
    2
    3
    4=2*3
    Жармалар
    0,00387
    1,0454
    0,004046
    ИМП-тауар
    0,00036
    0,9666
    0,000348
    ҚР-тауар
    0,00351
    1,0135
    0,003557
    Бағалар индексінің нақты мәні пайдаланылғандықтан ТБИ (3-баған) айқындамасы бойынша салыстырмалы бағалық ТБИ және ИМПТБИ бойынша салыстырмалы бағалықтың орташа мөлшері болып табылмайды. Яғни орташа мән құрамды мән болуы тиіс деген шарт орындалмайды. Мысалға: 0,9666 ≤ 1,0454 ≥ 1,0135.
    Тиісінше, ҚР мен – ИМП тауарға құрылымдық салыстырмалы бағалық жиынтығы (0,003905 = 0,003557+0,000348) ТБИ бойынша құрылымдық салыстырмалы бағалыққа тең емес (=0,004046).
    ҚР-тауар және ИМП-тауарларға құрылымдық салыстырмалы бағалықты қалыпқа келтіру жүзеге асырылады. Қалыпқа келтіру коэффициенті ҚР тауары және ИМП тауарларына (1,036108=0,004046/0,003905) құрылымдық салыстырмалы бағалық сомасына ТБИ бойынша нақты құрылымдық салыстырмалы бағалықтың қатынасымен анықталады.
    Алынған қалыпқа келтіру коэффициентін ҚР-тауар және ИМП-тауар құрылымдық салыстырмалы бағалығына көбейту арқылы қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық табылады.
    4-мысал

    Қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалықтың есебі

    Атауы
    Құрылымдық салыстырмалы бағалық
    Қалыпқа келтірілген коэффициент
    Қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық
    А
    4=2*3
    5
    6=4*5
    Жармалар
    0,004046
    1,036108
    0,004046
    ИМП-тауар
    0,000348
    0,000361
    ҚР-тауар
    0,003557
    0,003685
    ҚР-тауары мен ИМП-тауарларына қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық және осы айқындаманың салмағы негізінде ҚР-тауары және ИМП-тауарлары бойынша салыстырмалы бағалық қайта есептеледі.
    5-мысал

    Айқындама бойынша ТБИ-имп ескерілген салыстырмалы бағалықты есептеу

    Атауы
    ТБИ-дегі салмағы
    Нақты салыстырмалы бағалық
    Қалыпталған құрылымдық салыстырмалы бағалық
    Қалыпталған салыстырмалы бағалық
    А
    2
    3
    6=4*5
    7=6/2
    Жармалар
    0,00387
    1,0454
    0,004046
    1,0454
    ИМП-тауар
    0,00036
    0,9666
    0,000361
    1,0016
    ҚР-тауар
    0,00351
    1,0135
    0,003685
    1,0500
    Нәтижесінде ТБИ мәні ҚР-тауар және ИМП-тауарларына бағаның өзгеруі беталысын ескеретін, орташа өлшенген шама орнығады. Орташа мәні құрастырылған мәннің шегінен табылу керек: 1,0016 ≤ 1,0454 ≤ 1,0500 деген жағдай қалпына келеді.
    Осылайша «жармалар» айқындамасы бойынша 104,5% тең ТБИ құрамындағы ТБИ-имп 100,2% (1,0016*100%) құрады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.