Жетісу облысы Қаратал ауданы бойынша объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 – бабына және 50 – бабы 2 - тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сипатамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Қаратал ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 29 мамырдағы кезектен тыс отырысының №4 хаттамасының негізінде, ШЕШТІМ:
1. Жетісу облысы Қаратал ауданы аумағында объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізуге төтенше жағдайларды алдын алуға басшы етіп өзімді тағайындаймын.
3. «Қаратал ауданы әкімінің аппраты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі
Ұ. Досымбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.