Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған өзгеріс пен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрі

    Е. Сарсембаев

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрі

    2026 жылғы 10 маусымдағы

    № 549 Бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерiс пен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

    1. «Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14961 болып тіркелген):

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібінде:

    қосымшада:

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Заттар мен материалдардың сот сараптамасы

    7.1. Лакты бояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

    7.2. Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

    7.3. Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу

    7.4. Топырақты сот-сараптамалық зерттеу

    7.5. Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

    7.6. Спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу

    7.7. Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу

    7.8. Әйнектен, керамикадан және силикаттық құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

    7.9 Заттарды газдық, сұйықтық хроматографиясы және масс-спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу

    7.10 Заттарды молекулалық спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу

    1) жай:

    қатпарларды табу мақсатында тасымалдаушы объектілерді зерттеу;

    заттың, қатпарлардың затын лакты-бояу жабындарына (әрі қарай – ЛБЖ), лакты-бояу материалдарына (әрі қарай – ЛБМ), полимерлік материалдарға (әрі қарай – ПМ), металдар мен қорытпаларға, мұнай тектес өнімдерге, топыраққа, спиртқұрамды сұйықтарға (әрі қарай – СҚС) жатқызу мақсатында оның табиғатын анықтау;

    жаратылысы талшықты емес тасымалдаушы-объектілердегі (тырнақ астындағылар, дактиласкопиялық үлбір және басқалары) жекелеген талшықтарды олардың табиғаты мен пайда болуы мүмкін көздерін анықтау мақсатында зерттеу;

    этил спирттерін, арақтарды айқын күштілігін анықтау мақсатында зерттеу;

    люминесценциялайтын заттардың қатпарларын табу және оларды физикалық сипаттамалары негізінде арнайы химиялық заттарға жатқызу мақсатында тасымалдаушы-объектілерді зерттеу;

    2) күрделілік дәрежесі орташа:

    жаратылысы талшықты объектілерді жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;

    аз объектілі, киімнің жекелеген заттарымен шектелген (2 көп емес) не аз талшықты құраммен сипатталатын киім;

    талшықты материалдардың қандай мақсатқа қажеттілігін анықтау мақсатында олардың жанып кеткен қалдықтарын зерттеу (үш объектіден көп емес);

    салмағы 0,01 грамға дейінгі топырақ тектес объектілердің жалпы тектік, топтық тиістілігін анықтау мақсатында жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;

    бұйымның нақты тегіне, түріне жатқызу мақсатында ЛБЖ, ЛБМ, ПМ, металдар мен қорытпаларды, СҚС (арақтың, спирттің түрлерін) қолданыстағы жіктеуіштерге сәйкес жіктеушілік зерттеу (20 объектіге дейінгі аз объектілі);

    арнайы химиялық заттарды (әрі қарай – АХЗ) АХЗ бір сыныбына, түріне, маркісіне жатқызу мақсатында сәйкестендірушілік зерттеу;

    заттар мен материалдардың сот сараптамасы (әрі қарай – ЗМСС) объектілерінің із жасау және із қабылдау қабілеттерін, іздердің пайда болу механизмдерін анықтау;

    орамдағы көрсетілген табиғатын растау мақсатында (талдаудың дәстүрлі әдістерін қолдану арқылы) дәстүрлі емес объектілерді зерттеу (5 объектіден көп емес);

    3) күрделі:

    бұйымның нақты тегіне, түріне, маркісіне жататынын анықтау мақсатында ЛБЖ, ЛБМ, ПМ, металдар мен қорытпаларды, СҚС (арақтың, спирттің түрлерін) (20 объектіден артық, көп объектілі), СҚС (вино, коньяк, ликер, тұнбалардың түрлерін және басқаларды), мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын қолданыстағы жіктеуіштерге сәйкес жіктеушілік зерттеу;

    ЗМСС объектілерін дайындау әдістерін анықтау;

    металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдардың талқандалу себебін анықтау;

    жалпы тектік, топтық қатыстылығын анықтау мақсатында ЛБЖ, ЛБМ, ПМ, металдар мен қорытпаларды, мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын, СҚС тиістілігін анықтау мақсатында сәйкестендірушілік зерттеу;

    жаратылысы талшықты объектілерді (көп объектілі, киімнің көп талшықты құрамын ескере отырып) жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;

    салмағы 0,1 грамннан артық топырақ қатпарларын жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;

    талдаудың дәстүрлі әдістерін қолдану арқылы белгісіз және дәстүрлі емес объектілерді зерттеу (5 объектіден көп);

    ЗМСС кез келген объектілерін зерттеу кезінде ахуалды модельдеу әдісін пайдалану арқылы арнайы химиялық заттардың із жасау механизмін зерттеу;

    екі көлік құралының өзара түйіспелі әрекеттесу фактісін анықтау жөніндегі кешенді зерттеулер;

    объектілерде ортақ бөліну сызығы болмаған кездегі физикалық-техникалық әдістер кешенін пайдалана отырып тұтасты бөліктері бойынша анықтау;

    үш объектіден артық емес бір аспаптық әдісті қолдана отырып, олардың сапалық құрамын (табиғатын) анықтау мақсатында табиғаты белгісіз заттарды диагностикалық зерттеу;

    құрамдас бөліктердің объектідегі (объектілердегі) сандық құрамын олардың саны үш объектіге дейін қоса алғанда анықтау не үш құрамдас бөліктен аспайтын қоспадағы құрамдас бөліктердің сандық құрамын анықтау;

    4) аса күрделі:

    киім жиынтықтарының өзара түйісе әрекеттесу фактісін анықтау;

    екеуден артық көлік құралдарының өзара түйісе әрекеттесу фактісін анықтау жөніндегі кешенді зерттеулер;

    жердің оқшауланған жер телімін анықтау жөніндегі кешенді зерттеулер (топырақтық-биологиялық-техногендік кешен объектілері);

    металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдардың талқандалу себебін анықтау мақсатындағы кешенді зерттеулер;

    пайда болуының ортақ көзін анықтау, бір массаға тиістілігін, тұтасты бөліктері бойынша анықтау сұрақтарын шешу мақсатындағы зерттеу;

    зерттеу объектілерінің қылмыстың нақты бір оқиғасы жағдайларымен кеңістік-уақыт бойынша байланысын анықтау;

    талдаудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану арқылы белгісіз және дәстүрлі емес объектілерді зерттеу;

    дәстүрлі емес әдістерді, өзге мекемелердің базасын пайдалану, мамандарды сырттан тарту талап ететін сараптамалық міндеттерді шешу;

    білімнің әртүрлі салалары пайдаланылатын ЗМСС шеңберіндегі кешенді сараптамалар;

    ахуалдық және сәйкестендірушілік міндеттер шешілетін ведомствоаралық деңгейде жүргізілетін кешенді сараптамалар;

    саны үш объектіден асатын жағдайда бір аспаптық әдісті қолдана отырып, заттардың табиғатын анықтау мақсатында диагностикалық зерттеу;

    объектілер санына қарамастан аспаптық талдаудың екі және одан да көп әртүрлі әдістерін міндетті түрде қолдануды талап ететін заттарды диагностикалық зерттеу;

    тасымалдаушы объектілердегі заттардың микромөлшерлі қабаттарын зерттеу;

    саны үш объектіден асатын зат құрамдас бөліктерінің сандық құрамын анықтау не бұрын сәйкестендірілген үштен астам құрамдас бөліктерден тұратын қоспадағы құрамдас бөліктерге сандық талдау жүргізу;

    газ тәрізді заттарды (азот тотығын), сондай-ақ күшті әсер ететін заттар тобына жататын заттарды (олардың туындыларын) табиғатын анықтау мақсатында диагностикалық зерттеу;»;

    2. «Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 306 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14992 болып тіркелген):

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесі:

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

    «

    7
    Заттар мен ма­те­ри­ал­дар­дың сот са­рап­та­ма­сы  
    Лак­ты бо­яу ма­те­ри­ал­да­рын, жа­бын­дар мен по­ли­мер ма­те­ри­ал­да­рын сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    7.1
    Мұ­най өнім­де­рі мен жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­рын сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    7.2
    Ме­тал­дар мен қо­рыт­па­лар­ды сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    7.3
    То­пы­рақ­ты сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    7.4
    Тал­шық­тық ма­те­ри­ал­дар мен олар­дан жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    7.5
    Спирт құ­рам­ды сұй­ық­тық­тар­ды сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    7.6
    Ар­найы хи­ми­я­лық заттар­ды сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    7.7
    Әй­нек­тен, ке­ра­ми­ка­дан және си­ли­кат құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры­нан жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    7.8
    Заттар­ды га­з­дық, сұй­ық­тық хро­ма­то­гра­фи­я­сы және масс-спек­тро­мет­рия әді­сте­рі­мен сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    7.9
    Заттар­ды мо­ле­ку­ла­лық спек­тро­мет­рия әді­сте­рі­мен сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    7.10
    »;
    3. «Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 310 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14972 болып тіркелген):
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптар:
    4 қосымшада:
    7 реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда толықтырылсын:
    «
    7
    Заттар мен ма­те­ри­ал­дар мен заттар­дың сот са­рап­та­ма­сы
    Лак­ты­бо­яу ма­те­ри­ал­да­рын, жа­бын­дар мен по­ли­мер ма­те­ри­ал­да­рын сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    1. Рент­ген­дік-флу­о­рес­цент­ті спек­тро­метр, жиын­тығ­ы­мен
    2. Кри­ми­на­ли­сти­ка­лық лу­па (7х ден 10х дей­ін ұл­ғай­ту)
    3. Оп­ти­ка­лық би­но­ку­ляр­лық сте­рео мик­ро­скоп жиын­тығ­ы­мен неме­се фо­то­сап­та­ма­сы мен сан­дық фо­то­ап­па­ра­ты бар три­но­ку­ляр­лық мик­ро­скоп (ша­ғы­лы­сып қи­ғаш түс­кен жа­рық; жа­сан­ды жа­рық кө­зі; 40-80х дей­ін ұл­ғай­ту); Оку­ляр-мик­ро­метр
    4. ИҚ спек­тро­метр, диа­па­зо­ны (400-4000 см-1) жиын­тығ­ы­мен
    5. Хра­ма­то­гра­фи­я­ла­у­ға ар­нал­ған ка­ме­ра­лар
    6. Қа­лың­дық өл­ше­гіш (маг­нит­ті неме­се уль­тра­ды­бысты
    7. МЛ-10 мик­ро­метр, өл­шеу диа­па­зо­ны 0-10 мм
    8. Дер­бес ком­пью­тер, жиын­тығ­ы­мен
    9. Сан­дық фо­то­ап­па­рат
    10. Сейф
    11. 220 Вт ар­нал­ған жа­бық шиыр­шық­ты және рет­те­ле­тін зерт­ха­на­лық плит­ка
    12. Үй-жай­лар­да­ғы кли­мат­тық жағ­дай­ды өл­ше­у­ге ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы
    13. Кли­мат-ба­қы­лау жүй­е­сі
    14. Зерт­ха­на­лық жи­һаз жиын­тығы
    15. Ме­талл сыз­ғыш 0 ден 30 см дей­ін
    16. Таб­лет­тік қы­сқыш
    17. Му­фель­ді пеш
    Мұ­най өнім­де­рі мен жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­рын сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    1. Мас­се­лек­тив­ті де­тек­то­ры және қат­ты фа­за­лық мик­ро­экс­тра­ция үшін ав­то­сам­плер­мен жа­рақ­тан­ды­ры­л­ған га­з­ды хро­ма­то­граф
    2. ИК-спек­тро­метр диа­по­зо­ны (400-4000 см-1), жиын­тығ­ы­мен
    3. Мұ­най­ды және МӨ ав­то­мат­ты ат­мо­сфе­ра­лық-ва­кум­дық ай­ы­ру ап­па­ра­ты
    4. Арео­метр­лер жиын­тығы
    5. Му­фель­ді пеш
    6. Кеп­тір­гіш шкаф
    7. Уль­тра­ды­бысты мон­ша
    8. Су мон­ша­сы
    9. Мұ­най өнім­де­рі па­ра­метр­ле­рі­нің ав­то­мат­ты тал­да­ғы­шы (ок­тан­ды, це­тан­ды са­нын, фрак­ци­он­дық құ­ра­мын, жа­рық­та­ну қы­зуын, қа­туын, тығ­ы­зды­ғын, бай­ла­нуын және т.б.) – өл­шеу құ­ра­лы есеп­те­ле­тін, бө­лек па­ра­метр­ле­рін анық­тау ас­па­бы
    10. Се­кун­до­мер
    11. Жұ­қа­қа­бат­ты храм­то­гра­фи­я­ла­у­ға ар­нал­ған шы­ны ка­ме­ра
    12. УК-жа­рық бер­гіш, λ= 254 нм және λ 360 нм
    13. Сан­дық фо­то­ап­па­рат
    14. 220 Вт ар­нал­ған жа­бық шиыр­шық­ты және рет­те­ле­тін зерт­ха­на­лық плит­ка
    15. Мұз­дат­қыш ка­ме­ра­сы бар зерт­ха­на­лық то­ңа­зыт­қыш
    16. Үй-жай­лар­да­ғы кли­мат­тық жағ­дай­ды өл­ше­у­ге ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы
    17. Зерт­ха­на­лық жи­һаз жиын­тығы
    18. Сұй­ық­тың тұт­қыр­лы­ғын өл­ше­у­ге ар­нал­ған ас­пап
    19. Хро­ма­то­грам­ма­лар­ды кеп­ті­ру­ге ар­на­ла­ған фен
    20. Сте­рео­скоп­тық мик­ро­скоп 40 есе­ге дей­ін үл­кей­ту­і­мен
    21. Өл­шеу ше­гі 0,01 г-нан 1500 г дей­ін­гі элек­трон­ды та­ра­зы­лар
    22. Зерт­ха­на­лық ар­найы ки­ім
    23. Өзге­ру­ші кө­лем­мен до­за­тор­лар (0 ден 1000 мкл)
    24. Пси­хро­метр (үй-жай­лар­да­ғы кли­мат­тық жағ­дай­ды өл­ше­у­ге ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы)
    25. Ок­тан­дық және це­тан­дық са­нын анық­тау ас­па­бы
    26. Жа­бық от­ба­қыр­да жар­қыл қы­зуы­ның тал­да­у­шы­сы
    27. Сұй­ық­тық­тың бай­ла­ны­суын анық­тау ас­па­бы
    28. Қа­ту тем­пе­ра­ту­ра­сын анық­тау үшін ас­пап
    29. Ди­на­ми­ка­лық бай­ла­ны­суын анық­тау үшін вис­ко­зи­метр
    30. Ки­не­ма­ти­ка­лық бай­ла­ны­суын анық­тау үшін вис­ко­зи­метр
    31. Фрак­ци­он­дық құ­ра­мын анық­тау тал­да­у­шы­сы
    32. Тығ­ы­зды­ғын анық­тау үшін ап­па­рат
    33. Сан­дық ре­фрак­то­метр
    34. Кү­кірт қо­спа­сы­ның тал­да­у­шы­сы
    35. Ауа­су­те­гі құ­ра­мы­ның де­таль­дік тал­да­у­шы­сы
    36. Мұ­най өнім­де­рін ай­дап шы­ға­ру үшін ав­то­мат­тық ап­па­рат
    37. Бай­ы­ты­л­ған бу қы­сы­мын өл­шеу үшін ап­па­рат
    38. МӨ су құ­ра­мын анық­тау үшін Ди­на-Стар­ка ас­па­бы
    39. Рент­ген­дік - флу­о­рес­цент­ті неме­се энер­го­дис­пер­си­он­дік спек­тро­метр, жиын­тығ­ы­мен
    Ме­тал­дар мен қо­рыт­па­лар­ды сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    1. Рент­ген­ді-флу­о­рес­цент­тік неме­се энер­гия-дис­пер­си­я­лық спек­тро­метр
    2. Сте­рео­скоп­тық мик­ро­скоп 40 есе­ге дей­ін үл­кей­ту­і­мен
    3. Үй-жай­лар­да­ғы кли­мат­тық жағ­дай­ды өл­ше­у­ге ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы
    4. Уль­тра­ды­бысты де­фек­то­скоп
    5. Жы­л­ты­рат­қыш ста­нок
    6. До­зи­метр – ра­дио­метр
    7. Өл­шеу ше­гі 0,001 г-нан 210 г дей­ін­гі элек­трон­ды та­ра­зы­лар
    8. Өл­шеу ше­гі 0,01 г-нан 1500 г дей­ін­гі элек­трон­ды та­ра­зы­лар
    9. Өл­шеу ше­гі 50 кг-нан 30 кг дей­ін­гі элек­трон­ды та­ра­зы­лар
    10. Қат­ты­лық өл­ше­гіш
    11. Қа­лың­дық өл­ше­гіш, штан­ген­цир­куль
    12. Дер­бес ком­пью­тер, жиын­тығ­ы­мен
    13. Сан­дық фо­то­ап­па­рат
    14. Сейф
    15. Кли­мат-ба­қы­лау жүй­е­сі
    16. Зерт­ха­на­лық ар­найы ки­ім
    17. Зерт­ха­на­лық жи­һаз жиын­тығы
    То­пы­рақ­ты сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    1. Рент­ген­ді-флу­о­рес­цент­тік неме­се энер­гия-дис­пер­си­я­лық спек­тро­метр
    2. РН-150 МП тип­ті рН – метр
    3. Му­фель­ді пеш
    4. Ат­лас Ман­сел­ла
    5. Сте­рео­скоп­тық мик­ро­скоп 40 есе­ге дей­ін үл­кей­ту­і­мен
    6. Кеп­тір­гіш шкаф
    7. Ди­стил­ля­тор
    8. Ұсақ­та­ғыш
    9. Су мон­ша­сы
    10. Өл­шеу ше­гі 0,001 г-нан 210 г дей­ін­гі элек­трон­ды та­ра­зы­лар
    11. Дер­бес ком­пью­тер, жиын­тығ­ы­мен
    12. Сан­дық фо­то­ап­па­рат
    13. Сейф
    14. 220 Вт ар­нал­ған жа­бық шиыр­шық­ты және рет­те­ле­тін зерт­ха­на­лық плит­ка
    15. Үй-жай­лар­да­ғы кли­мат­тық жағ­дай­ды өл­ше­у­ге ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы
    16. Кли­мат-ба­қы­лау жүй­е­сі
    17. Зерт­ха­на­лық жи­һаз жиын­тығы
    18. Зерт­ха­на­лық ар­найы ки­ім
    19. То­пы­рақ еле­уіш те­сік­те­рі­ніңғ диа­мет­рі 0,01-1,5, қақ­па­ғы­мен және тү­бі­мен ГОСТ 6613-86, неме­се ба­ла­ма­сы
    20. Фар­фор ке­лі неме­се пе­стик ГО­СТы 9147-80, неме­се ба­ла­ма­сы
    Тал­шық­тық ма­те­ри­ал­дар мен олар­дан жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    1. Мик­ро­спек­тро­фо­то­метр неме­се мик­ро­скоп-фо­то­метр
    2. Кри­ми­на­ли­сти­ка­лық лу­па (7 х-10х-дей­ін ұл­ғай­ту)
    3. Сте­рео­скоп­тық мик­ро­скоп 40 есе­ге дей­ін үл­кей­ту­і­мен
    4. Би­но­ку­ляр­лық мик­ро­скоп (ша­ғы­лы­сып қи­ғаш түс­кен жа­рық; жа­сан­ды жа­рық кө­зі; 300 – 1000х дей­ін ұл­ғай­ту); Оку­ляр-мик­ро­метр (дәл­ді­гі-0,01 мм)
    5. Су мон­ша­сы
    6. Өл­шеу ше­гі 0,01 г-нан 1500 г дей­ін­гі элек­трон­ды та­ра­зы­лар
    7. МЛ-10 мик­ро­мет­рі, өл­шеу диа­па­зо­ны 0-10 мм
    8. Дер­бес ком­пью­тер, жиын­тығ­ы­мен
    9. Сан­дық фо­то­ап­па­рат
    10. Сейф
    11. 220 Вт ар­нал­ған жа­бық шиыр­шық­ты және рет­те­ле­тін зерт­ха­на­лық плит­ка
    12. Зерт­ха­на­лық то­ңа­зыт­қыш
    13. Үй-жай­лар­да­ғы кли­мат­тық жағ­дай­ды өл­ше­у­ге ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы
    14. Зерт­ха­на­лық жи­һаз жиын­тығы
    15. Зерт­ха­на­лық ар­найы ки­ім
    16. Храм­то­гра­фи­я­лық шы­ны ка­ме­ра
    17. ИҚ-спек­тро­метр неме­се ИҚ Фу­рье-спек­тро­метр
    18. «Maxcan» тал­шы­ғын із­деу үшін ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған құ­ры­л­ғы
    Спирт кұ­рам­ды сұй­ық­тық­тар­ды сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    1. Сұй­ық­тық­тық хро­ма­то­граф, де­тек­тор­лар жиын­тығ­ы­мен
    2. Жа­лын­ды-ион­дау де­тек­то­ры және га­з­ды ге­не­ра­то­ры (су­те­гі, азот, ауа) бар га­з­ды хро­ма­то­граф
    3. Масс-се­лек­тив­ті де­тек­то­ры бар га­з­ды хро­ма­то­граф
    4. Сте­рео­скоп­тық мик­ро­скоп 40 есе­ге дей­ін үл­кей­ту­і­мен
    5. УК және кө­рі­не­тін аумақ­та­ғы спек­тро­фо­то­метр, жиын­тығ­ы­мен
    6. Ди­стил­ля­тор
    7. Су мон­ша­сы
    8. Өл­шеу ше­гі 0,001 г-нан 210 г дей­ін­гі элек­трон­ды та­ра­зы­лар
    9. Кү­ш­ті­лі­гін анық­та­у­ға ар­нал­ған арео­метр­лер жиын­тығы
    10. 220 Вт ар­нал­ған жа­бық шиыр­шық­ты және рет­те­ле­тін зерт­ха­на­лық плит­ка
    11. Зерт­ха­на­лық то­ңа­зыт­қыш
    12. Үй-жай­лар­да­ғы кли­мат­тық жағ­дай­ды өл­ше­у­ге ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы
    13. Кли­мат-ба­қы­лау жүй­е­сі
    14. Дер­бес ком­пью­тер жиын­тығ­ы­мен
    15. Сан­дық фо­то­ап­па­рат
    16. Қант өл­ше­гіш
    17. Спирт­ті ажы­ра­ту­ға ар­нал­ған ас­пап
    18. Се­кун­до­мер
    19. Сұй­ық­тық­тық хро­ма­то­граф, екі де­тек­тор­лар жиын­тығ­ы­мен
    20. Пси­хро­метр (үй-жай­лар­да­ғы кли­мат­тық жағ­дай­ды өл­ше­у­ге ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы)
    21. Ра­то­ци­о­наль­дық бу­ла­ғыш
    22. Би­но­ку­ляр­лық мик­ро­скоп (ша­ғы­лы­сып қи­ғаш түс­кен жа­рық; жа­сан­ды жа­рық кө­зі; 300 – 1000х дей­ін ұл­ғай­ту)
    Ар­найы хи­ми­я­лық заттар­ды сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    1. Рент­ген­ді-флу­о­рес­цент­тік неме­се энер­гия-дис­пер­си­я­лық спек­тро­метр
    2. УК-жа­рық бер­гіш, λ =254 нм және λ =360 нм
    3. Хро­ма­то­гра­фи­я­лық шы­ны ка­ме­ра
    4. Дер­бес ком­пью­тер, жиын­тығ­ы­мен
    5. Сан­дық фо­то­ап­па­рат
    6. Сейф
    7. 220 Вт ар­нал­ған жа­бық шиыр­шық­ты және рет­те­ле­тін зерт­ха­на­лық плит­ка
    8. Зерт­ха­на­лық жи­һаз жиын­тығы
    9. Лу­па 8х дей­ін үл­кей­ту­і­мен
    10. Спирт­тік го­рел­ка
    Шы­ны, ке­ра­ми­ка және си­ли­кат­тық құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры­нан жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    1. Рент­ген­ді-флу­о­рес­цент­тік неме­се энер­гия-дис­пер­си­я­лық спек­тро­метр
    2. Кри­ми­на­ли­сти­ка­лық лу­па (7 х-10х-дей­ін ұл­ғай­ту)
    3. Оп­ти­ка­лық би­не­ку­ляр­лық сте­рео­мик­ро­скоп жиын­тық­та неме­се три­ни­ку­ляр­лық мик­ро­скоп фо­то­қон­дыр­ма­сы­мен және сан­дық фо­то­ап­па­ра­ты­мен (көр­се­ту жа­ры­ғы­мен, жа­сан­ды жа­ры­ғы­мен, 40-80х үл­кей­ту­і­мен) және оку­ляр-мик­ро­метр
    4. По­ля­ри­за­ци­я­лық би­не­ку­ляр­лық мик­ро­скоп жа­сан­ды өт­кі­зу­ші жа­ры­ғы­мен, үл­кей­туі 400 есе­ге дей­ін
    5. Заттар мен ма­те­ри­ал­дар­дың то­тық құ­ра­мын анық­тау үшін ас­пап
    6. ИҚ-спек­тро­метр, диа­по­зо­ны (400 – 4000 см-1) жиын­тық­та
    7. Рент­ген­дік ди­фрак­то­метр
    8. Му­фель­ді пеш
    9. Қа­лың­дық өл­ше­уіш (маг­нит­тік неме­се уль­тра­ды­быст­ық)
    10. Мик­ро­метр МЛ-10 тип­тік, өл­шеу диа­по­зо­ны 0-10 мм
    11. Өл­шеу ше­гі 0,001 г-нан 1500 г дей­ін­гі элек­трон­ды та­ра­зы­лар
    12. Кеп­тір­гіш шкаф
    13. УК-жа­рық бер­гіш, λ =254 нм және λ 360 нм
    14. Дер­бес ком­пью­тер, жиын­тығ­ы­мен
    15. Сан­дық фо­то­ап­па­рат
    16. Сейф
    17. 220 Вт ар­нал­ған жа­бық шиыр­шық­ты және рет­те­ле­тін зерт­ха­на­лық плит­ка
    18. Үй-жай­лар­да­ғы кли­мат­тық жағ­дай­ды өл­ше­у­ге ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы
    19. Кли­мат-ба­қы­лау жүй­е­сі
    20. Зерт­ха­на­лық жи­һаз жиын­тығы
    Заттар­ды га­з­дық, сұй­ық­тық хро­ма­то­гра­фи­я­сы және масс-спек­тро­мет­рия әді­сте­рі­мен сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    1. Үл­гі­ні ав­то­мат­ты ен­гі­зу құ­ры­л­ғы­сы­мен жаб­дық­тал­ған масс-се­лек­тив­ті де­тек­то­ры бар га­з­дық хро­ма­то­граф
    2. Үл­гі­ні ав­то­мат­ты ен­гі­зу құ­ры­л­ғы­сы­мен жаб­дық­тал­ған жы­лу­өт­кіз­гіш­тік бой­ын­ша га­з­дық хро­ма­то­граф
    3. Үл­гі­ні ав­то­мат­ты ен­гі­зу құ­ры­л­ғы­сы­мен жаб­дық­тал­ған жа­лын-иони­за­ци­я­лық де­тек­то­ры бар га­з­дық хро­ма­то­граф
    4. Ин­фра­қы­зыл де­тек­то­ры бар га­з­дық хро­ма­то­граф
    5. Де­тек­тор­лар жиын­тығы бар (УФ, ди­од­ты-мат­ри­ца­лық, флу­о­рес­цент­тік, масс-спек­тро­мет­ри­я­лық) және фрак­ци­я­лар кол­лек­то­ры бар сұй­ық­тық хро­ма­то­граф
    6. Га­з­дық хро­ма­то­граф­қа ар­нал­ған бу­фа­за­лық до­за­тор
    7. Кеп­ті­ру шка­фы
    8. Уль­тра­ды­быст­ық мон­ша
    9. Ро­тор­лы бу­лан­дыр­ғыш
    10. Тем­пе­ра­ту­ра бой­ын­ша бағ­дар­ла­ма­ла­на­тын қы­зды­ру ре­жим­де­рі бар зерт­ха­на­лық плит­ка
    11. Сор­ғыш шкаф
    12. Зерт­ха­на­лық УФ-сәу­ле­лен­дір­гіш­тер (254–365 нм)
    13. Су де­иони­за­то­ры
    14. Хро­ма­то­гра­фи­я­ға ар­нал­ған шы­ны ка­ме­ра­лар
    15. Эк­си­ка­тор
    16. Өл­шеу ше­гі 0,0001 г-нан 210 г-ға дей­ін­гі элек­трон­дық та­ра­зы
    17. Өл­шеу ше­гі 0,01 г-нан 1500 г-ға дей­ін­гі элек­трон­дық та­ра­зы
    18. Сан­дық мик­ро­скоп (үл­кей­ту диа­па­зо­ны ке­мін­де 1х–500х)
    19. Газт­ә­р­із­ді заттар­ға ар­нал­ған сы­на­ма ал­ғы­штар
    20. Зерт­ха­на­лық то­ңа­зыт­қыш
    21. Сан­дық фо­то­ап­па­рат
    22. Дер­бес ком­пью­тер
    23. Заттар мен ма­те­ри­ал­дар­дың масс-спек­тр­ле­рі кі­та­п­ха­на­ла­ры
    24. Зерт­ха­на­лық жи­һаз жиын­тығы
    25. Зерт­ха­на­лық ыдыс жиын­тығы
    Заттар­ды мо­ле­ку­ла­лық спек­тро­мет­рия әді­сте­рі­мен сот-са­рап­та­ма­лық зерт­теу
    1. ИҚ-Фу­рье-спек­тро­метр (спек­трал­дық диа­па­зо­ны 400–4000 см⁻¹)
    2. ATR мо­дуль­де­рі (қо­сым­ша­лар) – бұ­зы­л­ған то­лық іш­кі кө­рі­ні­сі
    3. Ти­іс­ті ИҚ-спек­тро­метр мо­де­ліне ар­нал­ған оп­ти­ка­лық жол ұзынды­ғы 5 неме­се 10 см газ кю­ве­та­сы
    4. Ти­іс­ті ИҚ-спек­тро­метр мо­де­ліне ар­нал­ған сұй­ық­тық кю­ве­та­сы
    5. Ра­ман спек­тро­мет­рі
    6. УФ-спек­тро­метр
    7. Үл­гі­лер­ді таб­лет­ка­лау үшін пресс-қа­лып­тар
    8. Таб­лет­ка­лау пре­сі
    9. Үл­гі­ні дай­ын­да­у­ға ар­нал­ған агат ке­лі мен кел­сап
    10. Өл­шеу ше­гі 0,0001 г-нан 210 г-ға дей­ін­гі элек­трон­дық та­ра­зы
    11. Кеп­ті­ру шка­фы
    12. Уль­тра­ды­быст­ық мон­ша
    13. Ро­тор­лы бу­лан­дыр­ғыш
    14. Тем­пе­ра­ту­ра бой­ын­ша бағ­дар­ла­ма­ла­на­тын қы­зды­ру ре­жим­де­рі бар зерт­ха­на­лық плит­ка
    15. Сор­ғыш шкаф
    16. Сан­дық мик­ро­скоп (үл­кей­ту диа­па­зо­ны ке­мін­де 1х–500х)
    17. Газт­ә­р­із­ді заттар­ға ар­нал­ған сы­на­ма ал­ғы­штар
    18. Зерт­ха­на­лық то­ңа­зыт­қыш
    19. Сан­дық фо­то­ап­па­рат
    20. Дер­бес ком­пью­тер
    21. Заттар мен ма­те­ри­ал­дар­дың ИҚ-спек­тр­ле­рі кі­та­п­ха­на­ла­ры
    22. Зерт­ха­на­лық жи­һаз жиын­тығы
    23. Зерт­ха­на­лық ыдыс жиын­тығы
    »;
    4. «Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15180 болып тіркелген):
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
    17-1, 17-2 параграфтар мынадай редакцияда толықтырылсын:
    «17-1-параграф. Заттарды газдық, сұйықтық хроматографиясы және масс-спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу (7.9)
    183-1. Заттарды газдық, сұйықтық хроматографиясы және масс-спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеудің мәні – заттардың табиғаты туралы объективті деректер алу үшін олардың сапалық және сандық құрамын, құрылымын және қасиеттерін анықтауға бағытталған аспаптық зерттеу әдістеріне (масс-спектрометрияны қоса алғанда, әртүрлі анықтау түрлері бар газ немесе сұйық хроматография) негізделген нақты деректерді анықтау болып табылады.
    183-2. Заттарды газдық, сұйықтық хроматографиясы және масс-спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу объектілері:
    органикалық заттар, оның ішінде еріткіштер (улы, радиоактивті және ядролық материалдарды (және олардың қалдықтарын) қоспағанда);
    газдар (азот тотығы және басқалар);
    фармацевтикалық қаптамаға сәйкес келмейтін нысандарда, таңбалау белгілері болмаған және шашыраңқы күйде және визуалды сәйкестендіруді қиындататын өзге де түрлерде алынған шектеулі топтағы күшті әсер ететін заттар (бензобарбитал, гексобарбитал, зопиклон, клозапин, прегабалин, сибутрамин, тропикамид, хлороформ);
    сараптамалық зерттеуге арналған зат үлгілері (салыстырмалы, бақылау);
    заттың шикізат көзі (оның шығу тегі), дайындау технологиялары, сақтау тәсілдері туралы ақпаратты қамтитын қылмыстық іс материалдары, сондай-ақ оқиға болған жерді қарау, алу жүргізу, заттарды (объектілерді) қарау хаттамалары, зерттелетін затқа және талдау әдістеріне нормативтік-техникалық құжаттама.
    183-3. Заттарды газдық, сұйықтық хроматографиясы және масс-спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу міндеттері:
    белгісіз заттың (оның органикалық бөлігінің), газдың химиялық табиғатын анықтау және сәйкестендіру;
    зерттелетін қоспадағы заттың немесе компоненттердің сандық құрамын анықтау: жеке қосылыстардың массалық үлесін және органикалық қоспалардағы компоненттердің сандық арақатынасын белгілеу;
    тасымалдаушы заттардағы заттардың іздерін анықтау.
    183-4. Заттарды газдық, сұйықтық хроматографиясы және масс-спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу жүргізу кезінде мынадай сұрақтар шешіледі:
    зерттеуге ұсынылған заттың табиғаты қандай;
    зерттеуге ұсынылған объектілерде (не екенін көрсету) зат (затты көрсету) бар ма
    ұсынылған объектінің (таблетка, капсула, сұйықтық) құрамындағы (нақты зат көрсетіледі) сандық мөлшері қандай;
    тасымалдаушы заттардың (объектілер көрсетіледі) бетінде (не екенін көрсету) заттың іздері бар ма;
    зерттеуге ұсынылған (әрі қарай газ тәріздес заттың (металл (газ) баллоны, шарлар, пакеттер, полимерлі ыдыстар, газ іріктегіш және басқалар қаптамасы немесе сақтау (алу) түрі көрсетіледі) құрамы газ тәріздес күйдегі азот тотығы болып табыла ма;
    зерттеуге ұсынылған (әрі қарай газ тәріздес заттың (металл (газ) баллоны, шарлар, пакеттер, полимерлі ыдыстар, газ іріктегіш және басқалар қаптамасы немесе сақтау (алу) түрі көрсетіледі) құрамында азот тотығы бар ма.
    183-5. Объектілерді сараптамалық зерттеуге дайындау кезінде мынадай талаптар сақталады:
    зерттеу объектілері (заттардың, сұйықтықтардың белгілі бір көлемдері не олардың тасымалдаушы заттардағы іздері) жеңіл ұшқыш компоненттердің немесе шашылғыш заттардың жоғалуын болдырмау мақсатында герметикалық жабылған шыны ыдыста немесе химиялық инертті ыдыста ұсынылады. Басқа объектілерге (дәрілік нысандар және т.б.) қатысты полимерлік және қағаз пакеттерде орауға жол беріледі.
    Газтәрізді заттар (азот тотығы) болған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында зерттеуге көлемі 12 литрден аспайтын газ баллондары (ГОСТ 949-73 бойынша) 2 бірліктен аспайтын мөлшерде қабылданады (көлемі 10 мл сифон баллондарын қоспағанда).
    Газ баллондарының, газ іріктегіштердің және жапқыш және реттеуші арматураның (вентильдердің) техникалық жарамдылығы, газдардың рұқсат етілген қауіпсіз толтыру деңгейі (көлемнің 15–20% «бу жастығын» ескере отырып) міндетті шарт болып табылады. Бұл нақты деректер тиісті маманмен (мысалы, газ шаруашылығы саласында) расталуы және сараптама тағайындау туралы қаулыдағы бастапқы деректерде немесе оған қоса берілетін іс материалдарында көрсетілуі тиіс. Техникалық жарамсыз газ баллондарын зерттеуге қабылдауға тыйым салынады.
    Қысым астындағы баллондарды сақтауға арналған мамандандырылған үй-жайлар мен жағдайлар болмаған жағдайда, зерттеуге газдың (азот тотығының) үлгілері, оның газ фазасы көлемі 1 литрге дейін, фитингтермен және кран-клапандармен жабдықталған (оттегі мен көмірқышқыл газы өткізбейтін) мамандандырылған газ сынамаларын іріктеу пакеттерінде не орнатылған крандары мен қысым манометрлері бар металл газ сынамаларын іріктеуіштерде (контейнерлерде) жолданады. Бұл ретте ұсынылатын газ үлгілерінің саны 10 бірліктен аспауы тиіс. Газ үлгілерін алу қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, тиісті мамандарды тарта отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы арқылы жүзеге асырылады.
    Зерттеуге келіп түсетін объектілерге өзге де талаптар қойылуы мүмкін.
    17-2-параграф. Заттарды молекулалық спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу (7.10)
    183-6. Заттарды молекулалық спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеудің мәні – заттардың сапасын, құрылымын және қасиеттерін анықтауға бағытталған, олардың табиғаты туралы объективті деректер алу үшін аспаптық зерттеу әдістеріне (ультракүлгін, инфрақызыл спектрометрия немесе комбинациялық шашырату спектрометриясы) негізделген нақты деректерді анықтау болып табылады.
    183-7. Заттарды молекулалық спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу объектілері:
    органикалық және бейорганикалық заттар (улы, радиоактивті және ядролық материалдарды (және олардың қалдықтарын) қоспағанда);
    газдар (азот тотығы және басқалар);
    шектеулі топтағы күшті әсер ететін заттар (бензобарбитал, гексобарбитал, зопиклон, клозапин, прегабалин, сибутрамин, тропикамид, хлороформ) – олардың белсенді заты және толтырғыштары;
    сараптамалық зерттеуге арналған зат үлгілері (салыстырмалы, бақылау).
    Зерттеу объектілеріне, сондай-ақ заттың шикізат көзі (оның шығу тегі), дайындау технологиясы, сақтау тәсілі туралы ақпаратты қамтитын қылмыстық іс материалдары, сондай-ақ оқиға болған жерді қарау, алу жүргізу, заттарды (объектілерді) қарау хаттамалары, зерттелетін затқа және талдау әдістеріне нормативтік-техникалық құжаттама және басқа да құжаттар жатады.
    183-8. Заттарды молекулалық спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу міндеттері:
    заттың (оның органикалық және бейорганикалық бөлігінің) әртүрлі нысандардағы (ұнтақтар, сұйықтықтар, қатты материалдар) сапалық құрамы мен құрылымын анықтау;
    заттың жеке тиесілігін анықтау (оны сәйкестендіру), белсенді және қосалқы компоненттердің болуын анықтау, сондай-ақ ұқсас құрылымы бар қосылыстарды (изомерлердің туындылары мен кейбір түрлерін) саралау;
    газдардың табиғатын анықтау және сәйкестендіру (азот тотығы).
    183-9. Заттарды молекулярлық спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу жүргізу кезінде мынадай сұрақтар шешіледі:
    зерттеуге ұсынылған заттың табиғаты қандай;
    зерттеуге ұсынылған объектілерде (не екенін көрсету) зат (затты көрсету) бар ма;
    кешенді сараптаманы тағайындау кезінде мәселелер объектінің жалпы химиялық табиғатын анықтауға тұжырымдалуы және зерттеудің басқа аспаптық әдістерін немесе сараптама түрлерін қолдана отырып, жиынтықта шешілуі мүмкін.
    183-10. Объектілерді сараптамалық зерттеуге дайындау кезінде 17-1-параграфта баяндалған талаптар сақталады.»;
    5. «Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген):
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларында:
    12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «12-1. Сараптамалық мамандықтардың атауы, бірлестігі не бөлінуі өзгерген кезде біліктілік куәлігі көрсетілетін қызметті алушының заңнаманы білуге арналған тестілеуден және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруден өтпей беріледі.»;
    6. «Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 342 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15003 болып тіркелген):
    3-тармақтың 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
    «3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:»;
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларында:
    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «2. Қағидалар кейіннен сот сарапшысы біліктілігін беру үшін игерілетін сот-сараптама мамандығы бойынша жоғары білімі бар үміткерді даярлауды тиімді ұйымдастыруға бағытталған.»;
    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «5. Үміткердің біліктілік даярлығының мерзімін игерілген сот-сараптама мамандығына, базалық даярлық деңгейіне, тиісті сараптама мамандығының болуына, сондай-ақ үміткердің тиісті білім саласында жұмыс тәжірибесіне байланысты Орталықтың келісімі бойынша үш айдан бір жылға дейін құрайды және біліктілік даярлығының басшысы белгілейді.
    Үміткердің құжаттарын қарауды және біліктілік даярлығының мерзімін келісуді Орталық олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
    Біліктілік даярлығының мерзімін айқындау кезінде үміткердің игерілетін мамандық бойынша жұмыс өтілі, кәсіптік даярлық деңгейі, практикалық тәжірибесінің болуы, сондай-ақ сот сараптамасының белгілі бір түрі шеңберінде тиісті сараптама мамандығының болуы ескеріледі.
    Бұрын сот сараптамасы органында жүргізілмеген сот сараптамасының жаңа түрін енгізу кезінде үміткерді біліктілік даярлау тиісті объектілерді немесе заттарды зерттеу саласында қажетті материалдық-техникалық базасы мен құзыреті бар сыртқы ұйымдарда (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми-техникалық орталықтарда және өзге де ұйымдарда) не сараптаманың осы түрін жүргізу тәжірибесі бар сот-сараптама органдарында не осындай ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлерін тарта отырып жүргізіледі.
    Сыртқы ұйымдарда біліктілік даярлығының мерзімі бір айдан кем емес мерзімде белгіленеді. Біліктілік даярлығы нәтижелері бойынша зерттеу әдістемелерін игеруді және жұмыстың практикалық дағдыларын игеруді растайтын құжат (сертификат, куәлік) ұсынылады.».

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.