Алматы қаласында 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 маусым 2026 ж.

    Алматы қаласында 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 20284 болып тіркелген) сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Алматы қаласында 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшері 2026 жылға бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 0,016 еселенген мөлшерінде, яғни айына бір шаршы метр үшін 70 теңге мөлшерінде бекітілсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласы мәслихатының төрағасы

    М. Отыншиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.