Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 329) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен күннен күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын, ресми жариялау үшін қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрінің
2016 жылғы 13 мамырдағы
№ 129 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының музей қорын қалыпатастыру және күтіп ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 329) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау тәртібін айқындайды.
2-тарау. Музей қорын қалыптастыру
2. Музей қорын қалыптастыру келесі жолдармен жүзеге асырылады:
1) мәдени құндылықтарды сатып алу;
2) жеке және заңды тұлғалармен ақысыз негізде берілген мәдени құндылықтарды іріктеу;
3) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық нәтижесінде барлық жеке-дара археологиялық олжаларды қабылдау.
3. Жеке және заңды тұлғалармен берілген мәдени құндылықтарды сатып алу және іріктеу рәсімдерін жүзеге асыру үшін:
1) «Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 151-НҚ бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 35988) мемлекеттік музейлерде Қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясы (бұдан әрі – мемлекеттік музей комиссиясы) құрылады;
2) музей-қорықтарда, Қазақстан Республикасына тиесілі басқа мемлекеттік ұйымдарда (бұдан әрі – музей-қорық) Қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясы (бұдан әрі – музей-қорық комиссиясы) директордың бұйрығымен құрылады.
Музей-қорық комиссиясы төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия хатшысы музейдің-қорықтың құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері арасынан тағайындалып, комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
Музей-қорық комиссиясының төрағасы музей-қорық директорының (жетекшісінің) орынбасары, музей-қорық комиссиясының мүшелері – музей-қорықтың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері және/немесе қызметкерлері болып табылады. Мәдени құндылық туралы мәліметтер жеткіліксіз болған жағдайда мәдени құндылықты сипаттайтын қорытынды беру үшін музей-қорық комиссиясына археология, этнография, нумизматика, тарих, өнертану, реставрация және тағы басқа салалар бойынша мамандар шақыртылады.
Дауысқа салуы барысында музей-қорық комиссиясы мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
4. Мемлекеттік музейлердегі, музей-қорық комиссиясының шешімі ұсыныс сипатындағы хаттамамен ресімделеді, және мемлекеттік музейлердегі музей-қорық комиссиясының төрағасымен және мүшелерімен қол қойылады.
5. Мемлекеттік музей және музей-қорық комиссиясының қарау нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірі қабылданады:
1) оң шешім – мәдени құндылықтарды сатып алуға немесе іріктеуге ұсыну;
2) теріс шешім – мәдени құндылықтарды сатып алуға немесе іріктеуге ұсынбау.
6. Мемлекеттік музей және музей-қорық комиссиясының оң шешімі мемлекеттік музей және музей-қорық директорының (жетекші) ұсынылған мәдени құндылықтарды сатып алуға немесе іріктеуге бұйрық шығаруына негіз бола алады.
7. Мемлекеттік музей және музей-қорық комиссиясының теріс шешімі жағдайында, қабылданған осы шешімге қатысы бар мәдени құндылықтарды сатып алу немесе іріктеу мемлекеттік музей және музей-қорықпен жүзеге асырылмайды.
8. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар жөніндегі мәліметтерді осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.
9. Тұрақты сақталатын мәдени құндылықтар жөніндегі мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен қазақ және орыс тілдерінде электронды түрде жүргізілетін Мемлекеттік каталогта сақталады.
3-тарау. Музей қорын ұстау
10. Музей қорын күтіп ұстау келесідей қамтамасыз етіледі:
1) «Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 146-НҚ бұйрығына сәйкес есепке алу және сақтау арқылы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 35961);
2) реставрация және консервацияны қажет ететін мәдени құндылықтарды реставрациялау және консервациялау, оларды анықтау арқылы;
3) музей қорының құрамына кіретін, шетелге шығарылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы шегінде берілетін музейлік мәдени құндылықтарды сақтандыру арқылы.
11. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар жыл сайын 20 қаңтарға дейін өткен жылдың музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау жөніндегі жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне жолдайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жыл сайын 1 наурызға дейін мәдениет саласындағы уәкілетті органға музей қорының жағдайы жөніндегі жиынтық ақпаратты ұсынады.
Қазақстан Республикасының
музей қорын қалыптастыру және күтіп
ұстау қағидаларына
қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогы
|
№
п/п
|
Мәдени құндылықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, мерзімі, табылған орны, жазулар, материалы және мәдени құндылықтардың дайындалу техникасы, өлшемі, бағалы металдар мен тастардан жасалған мәдени құндылықтардың жалпы салмағы)
|
Мәдени құндылықтардың саны
|
Мәдени құндылықтардың шифры
|
Мәдени құндылықтардың сақталуы
|
Мәдени құндылықтардың құны
|
Мәдени құндылықтардың фотосуреті
|
Мәдени құндылықтар сақталған музейдің атауы
|
Ескерту
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.