«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 1 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 37-бабына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, 44-бабының 2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4401 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпандағы № 23 (17263) «Дидар», 2016 жылғы 27 ақпандағы № 23 (19775) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Д. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.