Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Амангелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.  

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

    Аудан әкімі

    Ж.Таукенов

    Амангелді аудандық

    мәслихатының хатшысы

    __________ Қ.Кеделбаев

    3.06.2016 жыл

    Әкімдіктің

    2016 жылғы «03» маусымдағы

    № 139 қаулысына қосымша

    Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

    1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

    1) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің)

    құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

    2) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18 ден асқан мүгедек

    балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

    3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

    4) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің

    маманы.

    2. Білім беру мамандарының лауазымдары:

    1) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық

    кәсіпорнының басшысы;

    2) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық

    кәсіпорын басшысының орынбасары;

    3) әлеуметтік педагог;

    4) педагог-психолог;

    5) қосымша білім беру педагогы;

    6) аға тәрбиелеуші, тәрбиелеуші;

    7) музыкалық жетекші;

    8) аға вожатый;

    9) дене тәрбиесі нұсқаушысы;

    10) нұсқаушы;

    11) аға әдіскер, әдіскер;

    12) өндірістік оқыту шебері;

    13) аға шебер;

    14) медициналық бике/аға ;

    15) емдәмдік мейірбике;

    16) кітапханашы;

    17) логопед;

    18) суретші;

    19) көркемдік жетекші;

    20) интернат меңгерушісі;

    21) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

    22) барлық мамандықтар бойынша мұғалiмдер;

    23) мектепке дейiнгi ұйымның меңгерушiсi;

    24) шебер;

    25) кітапхана меңгерушісі;

    3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

    1) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық

    кәсіпорнының басшысы;

    2) мәдени ұйымдастырушы;

    3) суретші;

    4) кітапханашы;

    5) бөлім меңгерушісі;

    6) әртіс;

    7) режиссер;

    8) редактор;

    9) әдіскер;

    10) әкімші;

    11) дирижер;

    12) нұсқаушы;

    13) библиограф;

    14) көркемдік жетекші;

    15) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік

    қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

    16) хореограф;

    17) дыбыс операторы.

    4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

    1) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық

    кәсіпорнының басшысы;

    2) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық

    кәсіпорын басшысының орынбасары;

    3) медициналық бике/аға;

    4) жаттықтырушы.

    5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

    1) ветеринариялық дәрiгер;

    2) ветеринариялық фельдшер.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.