«Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 маусым 2026 ж.

    «Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    аталған шешімнің қосымшасында:

    2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    2)
    Муковисцидоз
    «Залалсыздандырылған нутриэн стандарты»
    «Нутриэн Энергия»
    «Нутриэн Стандарт»
    «Ресурс Юниор» «Педиашур, Здоровейка»

    »;

    1-бөлімді мынадай мазмұндағы 78), 79) реттік нөмірлі жолдармен толықтырылсын:

    «

    78)
    Жедел миелобластық лейкоз, Созылмалы лимфолейкоз, Миелодиспластикалық синдром
    «Венетоклакс»
    79)
    Ювенильді идиопатиялық артрит
    «Анакинра»

    ».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласы мәслихатының төрағасы

    М. Отыншиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.