Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округіндегі Воробьев ауылында "Айдала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округіндегі Воробьев ауылында «Айдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасын 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 31 мамырдағы № 48 ұсынысы негiзiнде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Димитров ауылдық округiнің әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округіндегі Воробьев ауылында «Айдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ауыл шаруашылық малдарының бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу iс-шаралары белгiленсін.

    2. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Алтынсарин аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), осы шешiмнен туындайтын қажеттi шараларды қолдану ұсынылсын.

    3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 31 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таралады.

    Димитров ауылдық округінің әкімі

    Б. Есетаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.