Бұқар жырау ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бұқар жырау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұқар жырау ауылындағы Юбилейная көшесінің атауы – Сарыжайлау көшесі болып, Бұқар жырау ауылындағы Центральная көшесінің атауы – Достық көшесі болып, Бұқар жырау ауылындағы Школьная көшесінің атауы – Әшім Жапаров көшесі болып, Бұқар жырау ауылындағы Степная көшесінің атауы – Желтоқсан көшесі болып, Шалқар ауылындағы Верхняя көшесінің атауы – Жыланды көшесі болып, Шалқар ауылындағы Нижняя көшесінің атауы –Болашақ көшесі болып, Семізбұғы ауылындағы Горная көшесінің атауы – Кентау көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұқар жырау ауылдық округінің әкімі
Е. Узденов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.