Байзақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 шілдедегі «Азаматтық қызметшілерге жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы» №19-9 шешімінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №964 Қаулысының талаптарына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 15 шілдедегі «Азаматтық қызметшілерге жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы» №19 - 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6 – 2 – 94 болып тіркелген, 2009 жылғы 8 тамыздағы аудандық №72 - 73 «Ауыл жаңалығы» газетінде жарияланған) №19 - 9 шешімінің күші жойылсын.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
Ш. Әшім
Аудандық мәслихат хатшысы
Н.Тлепов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.