Суықсу ауылындағы көшелерді қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Суықсу ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Суықсу ауылындағы Энгельс көшесінің атауы – Жеңіс көшесі болып, Суықсу ауылындағы Ленин көшесінің атауы – Бейбітшілік көшесі болып, Суықсу ауылындағы Октябрь көшесінің атауы – Бұқар жырау көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Суықсу ауылының әкімі
А. Есебаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.