Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің қүші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшана сәйкес Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихаттының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы
Ж. Шугаев
Павлодар аудандық
мәслихатының 2026 жылғы
11 маусымдағы № 47/395
шешіміне қосымша
Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қарашадағы № 9/103 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7425-14 болып тіркелген);
2. «Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 9/103 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 маусымдағы № 19/164 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7565-14 болып тіркелген);
3. «Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 9/103 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 30/267 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7661-14 болып тіркелген).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.