Кентау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5-тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасының 08.06.2016 жылғы №2-26-3/3957 және 06.06.2016 жылғы №2-26-3/3850 хаттарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Кентау қалалық мәслихатының қосымшада көрсетілген шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Қалалық мәслихатының сессия төрағасы
С. Абдрахманов
Қалалық мәслихатының хатшысы
Т. Балабиев
Кентау қалалық мәслихатының
2016 жылғы 28 маусымдағы
№22 шешіміне
қосымша
Кентау қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) «Кентау қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы №150 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2585 тіркелген, 2014 жылдың 12 сәуірдегі № 15 «Кентау Шұғыласы» газетiнде жарияланған);
2) ««Кентау қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы №150 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №227 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3140 тіркелген, 2015 жылдың 16 мамырдағы №20 «Кентау Шұғыласы» газетiнде жарияланған);
3) «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №120 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2383 тіркелген, 2013 жылдың 26 қазандағы №43 «Кентау Шұғыласы» газетiнде жарияланған);
4) «Кентау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №120 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы №156 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2614 тіркелген, 2014 жылдың 26 сәуірдегі №17 «Кентау Шұғыласы» газетiнде жарияланған);
5) «Кентау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №120 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы №218 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3011 тіркелген, 2015 жылдың 14 ақпандағы №7 «Кентау Шұғыласы» газетiнде жарияланған).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.