Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 28 қарашадағы № 4/1030 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 шілде 2016 ж.

    Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 28 қарашадағы № 4/1030 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республиксының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 28 қарашадағы № 4/1030 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1013 болып тіркелген, 2013 жылғы 21 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

    1) бір апта мерзімде әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;

    2) бір апта мерзімде осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Сембековке жүктелсін.

    Алматы қаласының әкімі

    Б. Байбек

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.