«Астанақалалықжолзертханасы» және «Алматықалалықжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемелерін құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 желтоқсан 2018 ж.

    «Астанақалалықжолзертханасы» және «Алматықалалықжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемелерін құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Астанақалалықжолзертханасы» және «Алматықалалықжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – мекемелер) құрылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласының (аясының) басқару жөніндегі уәкілетті органы болып айқындалсын.

    3. Мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылсын деп бекітілсін.

    4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

    1) мекемелердің жарғыларын бекітсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

    2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

    5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

    6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    К. Мәсімов

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің

    2016 жылғы 30 маусымдағы

    № 388 қаулысымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

    1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында.

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасың мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:

    «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі»;

    «Арнайы жеңіл автомобильдерді пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер» деген бағандағы «Көліктік бақылау комитетінің инспекциялары:» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «Көлік комитетінің инспекциялары:»;

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілілік табелінде:

    «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му ми­ни­стр­лі­гі
    Ар­найы
    Ав­то­мо­биль жол­да­рын са­лу, жөн­деу және ұстау ке­зін­де жұ­мыстар мен ма­те­ри­ал­дар­дың са­па­сы­на са­рап­та­ма жүр­гі­зу
    Ав­то­мо­биль жол­да­ры ко­ми­те­тіне ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер:
    1
    Ақ­мо­ла­жол­зерт­ха­на­сы
    1
    Ақ­тө­бе­жол­зерт­ха­на­сы
    1
    Ал­ма­ты­жол­зерт­ха­на­сы
    1
    Аты­ра­у­жол­зерт­ха­на­сы
    1
    Ба­ты­сжол­зерт­ха­на­сы
    1
    Жам­бы­л­жол­зерт­ха­на­сы
    1
    Шы­ғы­сжол­зерт­ха­на­сы
    1
    Қа­ра­ған­ды­жол­зерт­ха­на­сы
    1
    Қы­зы­лор­да­жол­зерт­ха­на­сы
    1
    Қо­ста­най­жол­зерт­ха­на­сы
    1
    Маң­ғы­ста­у­жол­зерт­ха­на­сы
    1
    Пав­ло­дар­жол­зерт­ха­на­сы
    1
    Сол­тү­сті­кжол­зерт­ха­на­сы
    1
    Оң­тү­сті­кжол­зерт­ха­на­сы
    1
    Аста­на­қа­ла­лы­қ­жол­зерт­ха­на­сы
    1
    Ал­ма­ты­қа­ла­лы­қ­жол­зерт­ха­на­сы
    1
    »;
    көрсетілген қаулымен бекітілген арнайы су көлігінің тиесілілік табелінде:
    «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
    «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі»;
    «Арнайы су көлігін пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер» деген бағандағы «Көліктік бақылау комитетінің инспекциялары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «Көлік комитетінің инспекциялары:».
    2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
    министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
    «5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    5
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му ми­ни­стр­лі­гі оның аумақ­тық ор­ган­да­рын және оған ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де:
    2762
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му ми­ни­стр­лі­гіне ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер, оның ішін­де:
    386
    1)
    Рес­пуб­ли­ка­лық мик­ро­гра­фия ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты
    (Орал қа­ла­сы)
    203
    2)
    «Қаз­гео­ақ­па­рат» рес­пуб­ли­ка­лық гео­ло­ги­я­лық ақ­па­рат ор­та­лы­ғы
    71
    3)
    Ақ­мо­ла­жол­зерт­ха­на­сы
    7
    4)
    Ақ­тө­бе­жол­зерт­ха­на­сы
    7
    5)
    Ал­ма­ты­жол­зерт­ха­на­сы
    7
    6)
    Аты­ра­у­жол­зерт­ха­на­сы
    7
    7)
    Ба­ты­сжол­зерт­ха­на­сы
    7
    8)
    Жам­бы­л­жол­зерт­ха­на­сы
    7
    9)
    Шы­ғы­сжол­зерт­ха­на­сы
    7
    10)
    Қа­ра­ған­ды­жол­зерт­ха­на­сы
    7
    11)
    Қы­зы­лор­да­жол­зерт­ха­на­сы
    7
    12)
    Қо­ста­най­жол­зерт­ха­на­сы
    7
    13)
    Маң­ғы­ста­у­жол­зерт­ха­на­сы
    7
    14)
    Пав­ло­дар­жол­зерт­ха­на­сы
    7
    15)
    Сол­тү­сті­кжол­зерт­ха­на­сы
    7
    16)
    Оң­тү­сті­кжол­зерт­ха­на­сы
    7
    17)
    Аста­на­қа­ла­лы­қ­жол­зерт­ха­на­сы
    7
    18)
    Ал­ма­ты­қа­ла­лы­қ­жол­зерт­ха­на­сы
    7
    »;

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.