Ескелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 - бабына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №964 Қаулысымен бекітілген нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескелді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 8 қарашадағы «Ескелді ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 13 желтоқсанында № 2524 тіркелген, «Жетісу шұғыласы» газетінде 2013 жылдың 27 желтоқсанында № 52 жарияланған) № 26-148 шешімінің және Ескелді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 6 января «Ескелді ауданы мәслихатының 2013 жылғы 8 қарашадағы №26-148 «Ескелді ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 3 ақпанында № 3686 тіркелген, «Жетісу шұғыласы» газетінде 2016 жылдың 11 наурызында № 11 жарияланған) № 61-344 шешімінің күштері жойылды деп танылсын.
Ескелді ауданы мәслихатының VІ шақырылымындағы IV сессиясының төрағасы
Қ. Тастанбаев
Ескелді ауданы мәслихатының хатшысы
Қ. Алпысбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.