Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қарашадағы XXXVI сессиясының № 337 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қарашадағы XXXVI сессиясының № 337 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қарашадағы XXXVI сессиясының № 337 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3523 тіркелген, 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Тоқырауын тынысы» № 52 (7562) газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:

    «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:».

    2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

    Сессия төрағасы

    А. Айтжанова

    Аудандық мәслихат хатшысы

    М. Оңғарқұлов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.