Атауы жоқ көшеге атау беру туралы

    ҚолданыстағыӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Атауы жоқ көшеге атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 02 маусымдағы № 2 қорытындысына сәйкес, Бестау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қобда ауданы Бестау ауылдық округі Бестау ауылындағы атауы жоқ көшеге «Атағұл Сеилов» есімі берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Бестау ауылдық округінің әкімі

    Ө. Ищанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.