Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 маусым 2016 ж.

    Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылдың 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қаратал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы «Қаратал аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» (2014 жылғы 16 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2672 тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 17 (7281) аудандық «Қаратал» газетінде жарияланған) № 28-120 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Қаратал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 маусымдағы «Қаратал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (2015 жылғы 19 маусымында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3238 тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымдағы № 26 (7342) аудандық «Қаратал» газетінде жарияланған) № 47-192 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

     3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Сессия төрағасы

    ______________Р. Ахмедчинов

    Мәслихат хатшысы

    ____________Б. Смаилов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.