Благодар ауылдық округінің Бекқұл баба ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 23 мамырдағы № 5-2/286 санды ұсынысы негізінде Благодар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Благодар ауылдық округінің Бекқұл баба ауылы аумағына ірі мүйізді қара малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Благодар ауылдық округінің әкімі
Б. Дарин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.