Мұқыры ауылдық округі, Мұқыры ауылындағы № 1 жаңа көшеге және № 2 жаңа көшеге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2026 жылғы 26 мамырдағы қорытындысы негізінде Мұқыры ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. - Мұқыры ауылдық округі, Мұқыры ауылындағы – №1 жаңа көше Рахметолла Толқынбекұлы көшесі;
- № 2 жаңа көшені – Жетісу көшесі деген атау берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Мұқыры ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманының уақытша міндетін атқарушы Г. Разаққа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
Ж.Жумагулов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.