«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 219 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
Ереженің 3-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, « Мәдениет туралы » Қазақстан Республикасының Заңына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады»;».
Ереженің 12 тармақтың екінші абзацы:
«Егер бөлімге Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі»;».
Ереженің 2-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«2 тарау. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері»;».
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі
Р. Аңбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.