Күршім ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналарының ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Күршім ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Күршім ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналардың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әзімбаевқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Күршім ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы

    М. Қалелов

    Күршім ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы «26» сәуір

    № 151 қаулысына қосымша

    2016 жылға Күршім ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері,теңге
    Тәрбиеленушілер саны , адамдар
    Бір айда бір тәрбиеленушіге орташа шығынның құны , теңге
    Бір айда ата аналар ақы төлемінің мөлшері , теңге
    балабақшалар
    шағын орталықтар
    балабақшалар
    шағын орталықтар
    балабақшалар
    шағын орталықтар
     
    23198
    14790
    175
    400
    23198
    14790
    4912

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.