Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жылыой аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2013 жылғы 14 маусымдағы №13-9 «Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешімі;
2) 2014 жылғы 23 шілдедегі №21-2 «Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2952 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 тамыздағы №31 «Кең Жылой» газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың кезекті ІІІ сессиясының төрайымы
С.Жұмағалиева
Аудандық мәслихат хатшысы
М.Кенғанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.