Ақкөл аудандық мәслихаты шешімін күші жойылған деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 мамыр 2016 ж.

    Ақкөл аудандық мәслихаты шешімін күші жойылған деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Ақкөл аудандық мәслихатының келесі шешімі күші жойылған деп танылсын:

    - Ақкөл аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43 - 4 «Ақкөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-3-162 тіркелген, «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған) шешімі.

    2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

    Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының төрайымы

    А. Мананбаева

    Ақкөл аудандық мәслихатының хатшысы

    Ж. Салыбекова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.