«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 159 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 159 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4054, 2015 жылғы 8 тамыздағы № 89 (17178) «Дидар», 2015 жылғы 10 тамыздағы № 93 (19692) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Д. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.