«2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 наурыз 2016 ж.

    «2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5316 тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылдың 28 қаңтарында жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген, техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың Тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    Қ. Көшербаев

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2016 жылғы «9» наурыз №385

    қаулысына қосымша

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303

    қаулысымен бекітілген

    Техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың Тiзбесi

    Жобаның атауы
    Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу сомасы, мың теңге
    1
    2
    3
    1.«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі
    1
    Қызылорда қаласындағы ферроқорытпа зауытын сыртқы электрмен жабдықтау
    33 500
    2
    Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы газ тарату желілерінің құрылысы
    37 843
    3
    Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен жабдықтау
    80 421
    4
    «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы газ тарату желілерінің құрылысы», «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен жабдықтау» бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін мемлекеттік сараптамадан өткізу.
    5 153
    2.«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
    1
    Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жақ жағалау бөлігінде көше-жолдары желісінің құрылысы
    258 607

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.