Атбасар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 5С 23/1 «Атбасар аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 - бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 - бабының 5) - тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 5С 23/1 «Атбасар аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4192 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 маусымдағы «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
Безверхова Н.А.
Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.