«2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № а-12/547 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 мамыр 2016 ж.

    «2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № а-12/547 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № а-12/547 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5186 тіркелген, «Луч» және «Бурабай» газеттерінде 2016 жылғы 21 қаңтарда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

    осы қаулыда көрсетілген қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б. Нұрпановаға жүктелсін.

    3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Бурабай ауданының әкімі

    Т. Ташмағамбетов

    Бурабай ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы « 20 » 05

    № а-5/198

    қаулысына қосымша

    Бурабай ауданы әкімдігінің

    2015 жылғы «15» 12

    № а-12/547

    қаулысымен бекітілген

    2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны
    Айына мектепке дейінгі ұйымдарда жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)
    Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа кұны (теңге)
    Айына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)
    мемлекеттік
    жеке
    меншік
    мемлекеттік
    жеке
    меншік
    мемлекеттік
    жеке
    меншік
    мемлекеттік
    жеке
    меншік
    Бөбек-бақша
    200
    776
    23869,7
    21591,8
    23869,7
    21591,8
    11000
    11000
    Толық күн болатын шағын орталық
    379
    0
    16921,6
    0
    16921,6
    0
    10000
    0
    Жарты күн болатын шағын орталық
    552
    0
    8460,8
    0
    8460,8
    0
    0
    0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.