Ақкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № С 23-3 «Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Ақкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № С 23-3 «Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Ақкөл ауданы мәслихатының «Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 тамыздағы № С 23-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3805 тіркелген, 2013 жылғы 20 қыркүйекте аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларындағы:

    2 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

    «8) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы - «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті;»;

    21 тармақ – алып тасталынсын.

    2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының төрайымы

    А. Мананбаева

    Ақкөл аудандық мәслихаты хатшысының м.а.

    А. Мананбаева

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Ақкөл ауданының әкімі

    Т.Қ. Едігенов

    27 мамыр 2016 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.