«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 маусым 2026 ж.

    «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларында:

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. АӨК саласындағы жобаларға кредит беру мақсатында кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарт негізінде жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, мерзімділік және ақылылық қағидаттарымен республикалық бюджеттен бюджеттік кредит мынадай шарттармен беріледі:

    1) 1 (бір) процент жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;

    2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған мынадай жобаларды іске асыру:

    тауарлық сүт фермалары (қуаты 400 бастан бастап);

    етті бағыттағы құс фабрикалары (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);

    етті мал шаруашылығы кәсіпорындары (5000 бастан бастап);

    бордақылау алаңдары (5000 бастан бастап);

    ет өңдеу кәсіпорындары (қуаттылығы сағатына 8 шартты бастан басталатын);

    сыйымдылығы 10000 ауыл шаруашылығы жануарлары басынан басталатын мал базарлары;

    көкөніс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);

    жеміс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);

    өнеркәсіптік жылыжай шаруашылықтары;

    жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындары;

    өндірістік қуаттылығы жылына 25 тонна болатын аквашаруашылық объектілерін өсіру шаруашылықтары;

    құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторлар;

    қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілік (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);

    қой өсіру фермалары (5000 бастан бастап);

    қуаты жылына 80 миллион дана жұмыртқадан басталатын жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы;

    мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін сою пунктері;

    3) 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең;

    4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 18 (он сегіз) айды құрайды және бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға аударылған сәттен бастап есептеледі;

    5) кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен кредиттер беруге жол беріледі.

    Осы ережелердi iске асыру мақсатында бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджет бекiтiлгеннен кейiн кредитордың бюджеттiк кредит бойынша негiзгi шарттар мен қарыз алушылардың санаты туралы шешiмiнiң жобасын бекiтуге енгiзедi.

    Кредиттік қаражатты пайдалану ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, сондай-ақ айналым қаражатын сатып алуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын бордақылауға алуға (сатып алуға) қолданылмайды.»;

    6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6-1. АӨК саласындағы жаңа жобаларды құру және (немесе) қолданыстағыларды кеңейтуге үміткерлерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредит берілген жағдайда, жергілікті атқарушы органдар АӨК саласындағы жобаларға кредит берудің басым бағыттарын өңірлердің қажеттілігі мен орындылығына байланысты өз бетінше айқындайды.

    Бұл ретте АӨК саласындағы жобаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырудың орындылығы осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес айқындалады.

    Жергілікті бюджеттен қаражат қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттары негізінде бюджеттік кредит түрінде мынадай шарттармен беріледі:

    1) жылдық 1 (бір) процент сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;

    2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған АӨК саласындағы жобаларды іске асыру;

    3) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең - 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзім;

    4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 18 (он сегіз) айды құрайды және бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға аударылған сәттен бастап есептеледі;

    5) кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен кредиттер беруге жол беріледі.

    Осы ережелердi iске асыру мақсатында бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджет бекiтiлгеннен кейiн кредитордың жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредит бойынша негiзгi шарттар мен қарыз алушылардың санаты туралы шешiмнiң жобасын бекiтуге енгiзедi.»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттармен республикалық бюджет қаражаты есебінен кредиттер береді:

    1) кредит мерзімі – 10 (он) жылға дейін;

    2) бір жобаға арналған кредиттің ең жоғары сомасы – 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;

    3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) процент;

    4) кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған мынадай жобаларды іске асыру:

    тауарлық сүт фермалары (қуаты 400 бастан бастап);

    етті бағыттағы құс фабрикалары (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);

    етті мал шаруашылығы кәсіпорындары (5000 бастан бастап);

    бордақылау алаңдары (5000 бастан бастап);

    ет өңдеу кәсіпорындары (қуаттылығы сағатына 8 шартты бастан басталатын);

    сыйымдылығы 10000 ауыл шаруашылығы жануарлары басынан басталатын мал базарлары;

    көкөніс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);

    жеміс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);

    өнеркәсіптік жылыжай шаруашылықтары;

    жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындары;

    өндірістік қуаттылығы жылына 25 тонна болатын аквашаруашылық объектілерін өсіру жөніндегі шаруашылықтар;

    құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторлар;

    қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілік (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);

    қой өсіру фермалары (5000 бастан басталатын);

    қуаты жылына 80 миллион дана жұмыртқадан басталатын жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы;

    мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін сою пунктері;

    5) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

    6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 (жиырма төрт) айдан аспайды;

    7) кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен кредиттер беруге жол беріледі.

    Өтінімдерді қабылдау тәсілдері, кредиттерді беру және қамтамасыз ету өлшемшарттары, үміткерлердің санаттары, қоса қаржыландыру мөлшері, сондай-ақ кредит алу үшін құжаттар тізбесі жергілікті атқарушы орган мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалған тапсырма шартында көрсетіледі.

    Кредиттік қаражатты пайдалану ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, сондай-ақ айналым қаражатын сатып алуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын бордақылауға алуға (сатып алуға) қолданылмайды.»;

    13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «13. АӨК саласындағы жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:

    1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыруды ескере отырып, салалық орындылығы;

    2) өңір тұрғындарын сапалы және қолжетімді тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету;

    3) уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;

    4) үміткердің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы не кәсіпорын басшысының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілінің болуы;

    5) кредиттік есеппен расталған кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 (тоқсан) күннен артық болмауы;

    6) үміткерде берік азықтық базаны қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы;

    7) үміткерде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

    8) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес таратылу, банкроттық, оңалту рәсімдерінің, сондай-ақ қызметінің тоқтатылуының болмауы;

    9) қарыз алушы тарапынан жобаның жалпы сомасының кемінде 10%-і мөлшерінде бюджеттік кредит қаражатына қатысы жоқ, тиісті құжаттармен расталған қоса қаржыландыруды қамтамасыз ету;

    10) кредит сомасының кемінде 30%-і Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген, меншік құқығы мен кепіл мүлкінің бағалау құнын растайтын құжаттары бар анық кепілмен қамтамасыз ету;

    11) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 14-тарауына сәйкес жобаның оң сараптамасының болуы (жобаға сараптама алу көзделген жобалар бойынша).».

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетпіс сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттігі

    Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.