Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 маусым 2016 ж.
«2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 49-1 және 49-2-жолдармен толықтырылсын:
«
|
49-1
|
Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық және консервациялық жұмыстар жүргізу
|
Жаңғырту және реставрациялау арқылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау бойынша қызметтер көрсету
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
|
«Қазқайтажаңарту» ШЖҚ РМК
|
033 «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру»
|
382 278
|
|
49-2
|
Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеуді жинақтау және жүйелеу
|
Қорық-мұражайларды қалпына келтіру жолдарын анықтайтын бас жоспарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру,
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген объектілер аумағының шекарасын, қорғау аймағын айқындау және деректер базасын құру.
«Ұлы Жібек жолы» сериялық трансшекаралық номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу үшін мәдени мұра объектілерінің ғылыми құжаттамасын дайындау
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
|
«Қазқайтажаңарту» ШЖҚРМК
|
033 «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру»
|
300
39
».
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К. Мәсімов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.