Мәслихаттың 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Мәслихаттың 2015 жылғы 09 ақпандағы № 291 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мәслихаттың 2015 жылғы 09 ақпандағы №291 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5400 тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда «Наш Костанай» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы:

    2, 3 - тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

    «2. Тұрғын үй көмегін «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.

    Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаменті – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтінішпен жүгінеді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

    3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрайымы, № 20 сайлау округі бойынша депутаты

    А. Кабдулинова

    Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы

    Б. Сандыбеков

    «Қостанай қаласы әкімдігінің

    жұмыспен қамту және әлеуметтік

    бағдарламалары бөлімі»

    мемлекеттік мекемесінің басшысы

    __________________С. Умаров

    «03» маусым 2016 жыл

    «Қостанай қаласы әкімдігінің

    экономика және бюджеттік

    жоспарлау бөлімі» мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    __________________Н. Дорошок

    «03» маусым 2016 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.