Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №225 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысын күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағын, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабын басшылыққа алып, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №225 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3204 болып енгізілді, 2015 жылдың 28 мамырында «Серпер» газетінде ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Аудан әкімі
Б.Шаяхметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.