Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» № 370 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 маусым 2026 ж.

    Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» № 370 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» № 370 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6197-05 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасына сәйкес бекітілген Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көздейтін тетіктерді іске асыру тәртібін айқындайды.»;

    3-тармақта:

    мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «4-1) арзандатылған баға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын әр адамға белгіленген шекті сауда үстемесі шегінде ай сайын белгіленетін жеңілдікпен сатып алатын баға;»;

    мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:

    «5-1) «әлеуметтік әмиян» – жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабарлауға (хабархат), есепке алуға және алуға (көрсетуге) арналған ақпараттандыру объектісі;

    5-2) жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлерді және жеке практикамен айналысатын адамдарды, заң консультанттарын қоспағанда, жеке тұлғалардың бақуаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе өзге де мемлекеттік қолдау нысандары;

    5-3) мамандандырылған ұйым – агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарықта жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің шешімі бойынша құрылған немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) ұйым;

    5-4) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;»;

    мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «6-1) тауарларды қадағалаудың ақпараттық жүйесі – Ұлттық тауарлар каталогын қолдана отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары туралы ақпаратты жинауға және өңдеуге арналған тауарларды таңбалау және қадағалаудың ақпараттық жүйесінің кіші жүйесі;»;

    мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:

    «7-3) цифрлық азық-түлік ваучері – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде жеңілдік түрінде берілетін мақсатты қолма-қол ақшасыз қолдау;»;

    13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «13. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында, Алматы облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың мынадай тетіктерін іске асырады:

    1) тұрақтандыру қорларының қызметі;

    2) кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу үшін қарыз беру.»;

    13-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «13-4. «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы ауыл шаруашылық тауарөндірушілерді форвардтық шарттар шеңберінде:

    ағымдағы қаржы жылының 1 қазанына дейін келесі жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты ерте пісетін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;

    ағымдағы қаржы жылының 1 ақпанына дейін келесі жылдың қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды жүзеге асырады.»;

    13-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «13-6. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде көкөніс өнімдерін жеткізу «Қонаев» ӘКК» АҚ-ы Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп маусымаралық кезеңде (қысқы-көктемгі кезең: қаңтар, ақпан, наурыз; көктемгі-жазғы кезең: сәуір, мамыр, маусым) қалыптастыратын график негізінде не ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету қажет болған жағдайда басқа кезеңдерде жүзеге асырылады.»;

    мынадай мазмұндағы 13-9, 13-10 және 13-11-тармақтармен толықтырылсын:

    «13-9. Алматы облысының әкімдігі «Қонаев» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, жергілікті атқарушы орган мен мамандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халыққа мынадай ақпаратты жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді:

    1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының, тауарлық интервенцияларды жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жерлері тізбесін, көрсете отырып, форвардтық сатып алуды жүргізу тәртібі, оның басталғаны және нәтижелері туралы;

    2) кәсіпкерлік субъектілерінің, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен өткізетін сауда объектілерінің орналасқан жерлері тізбесін көрсете отырып, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі, оны берудің басталғаны және нәтижелері туралы;

    3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын «әлеуметтік әмиян» арқылы цифрлық азық-түлік ваучерлерін пайдалана отырып арзандатылған бағамен өткізетін және кәсіпкерлік субъектілерінің сауда объектілерінің орналасқан жерлері тізбесін көрсете отырып, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі, сондай-ақ оны іске асырудың басталғаны және нәтижелері туралы.

    13-10. «Қонаев» ӘКК» АҚ-ы бағаны тұрақтандыру мақсатында сатып алатын көкөніс өнімдерінің (қырыққабат, картоп, пияз, сәбіз) көлемі Комиссияның шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана халқының (қалалық немесе жалпы) үш айлық қажеттілігінің кемінде 30 пайыз мөлшерінде айқындалады.

    13-11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның Тауарларды қадағалаудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.»;

    21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «21. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден, оның ішінде форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады. Егер өндіруші өнімді өткізуді тікелей жүзеге асырмаса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме сауда жеткізушілерінен (дистрибьютерлерден), сондай-ақ мамандандырылған ұйымнан сатып алу жүзеге асырылады.».

    26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «26. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде бейнебақылау жүйелерін қолдана отырып, өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдерін қамтамасыз етеді.»;

    31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «31. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында мамандандырылған ұйымдар арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік теңгерімі (өндіріс көлемі мен азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілу, олардың қозғалысы, қорлардың болуы), егіс алқаптары (жоспарлы), болжамды өнім, өткен күнтізбелік жылдағы қалыптасқан бағалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны туралы мәліметтер және өзге де деректер негізінде айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес қарыз береді.

    Қарызды беру қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық шарттарында қарыз шарты жасасу жолымен жүзеге асырылады.»;

    32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «32. Бағаны тұрақтандыру мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі:

    1) мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына төмендетілген бөлшек/көтерме бағаларды белгілеуі;

    2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін пайдалана отырып арзандатылған бағамен өткізу.»;

    мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

    «32-1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға монетарлық емес мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда объектілеріне) тиісті өңірдегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын ескере отырып, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия айқындайтын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу үшін қарыздар береді.

    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны мен мәртебелері туралы деректерді өзектендіруді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жүзеге асырады.

    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыға электрондық үкімет порталының eGov Mobile қосымшасы арқылы SMS-хабарлама түрінде хабарландыру жіберіледі, онда цифрлық азық-түлік ваучерін алуға келісімін не бас тартуын растау сұралады.

    Келісім расталған жағдайда цифрлық азық-түлік ваучері «әлеуметтік әмиян» арқылы есепке алынады және тек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын арзандатылған бағамен сатып алу үшін пайдаланылады.

    Цифрлық азық-түлік ваучерлері ай сайын, есептік айдың алдындағы айдың соңғы күніне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын отбасының әрбір мүшесіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ақы төлеу сауда объектісінің кассалық жабдығында QR-кодты оқу (сканерлеу) арқылы жүргізіледі.

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бүкіл тізбесін іске асыру цифрлық азық-түлік ваучері есебінен берілетін жеңілдік ескеріле отырып, арзандатылған бағамен жүзеге асырылады.

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын таңбалау оларды сәйкестендіруге арналған арнайы жапсырмалармен (стикерлермен) жүзеге асырылады.

    Кассалық жабдықты «әлеуметтік әмиянмен» интеграциялау жүзеге асырылады.

    Тауарларды арзандатылған бағамен өткізу туралы есеп мынадай тәртіппен ұсынылады:

    1) мамандырылған ұйымдар жиынтық есептерді электрондық нысанда жергілікті атқарушы органдарға жолдайды;

    2) жергілікті атқарушы органдар жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.».

    көрсетілген қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы қаулының Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы облысының әкімі

    М. Сұлтанғазиев

    Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына қосымша

    Кесте

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

    Әкімшілік нысанның атауы: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ӘМАТ нысаны

    Кезеңділік: апта сайын

    Есепті кезең: 20___жылғы_________

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

    мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын сәрсенбі күндері;

    облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне апта сайын бейсенбі күндері;

    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

    Жинау әдіс: электрондық түрде

    Та­у­ар­дың ата­уы
    Са­ты­лып алын­ған та­у­ар­лар
    ті­ке­лей
    фор­вард­тық шар­ттар мен оф­тейк-ке­лі­сім­шар­ттар шең­бе­рін­де
    бе­рі­л­ген қары­здар бой­ын­ша
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер және қай­та өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры
    азық-тү­лік та­у­ар­ла­рын са­ту­ға ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кө­тер­ме жет­кі­зу­ші­лер (дис­три­бью­тор­лар)
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер және қай­та өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры
    азық-тү­лік та­у­ар­ла­рын са­ту­ға ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кө­тер­ме жет­кі­зу­ші­лер (дис­три­бью­тор­лар)
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер және қай­та өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры
    азық-тү­лік та­у­ар­ла­рын өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі
    тон­на
    мың тең­ге
    тон­на
    мың тең­ге
    тон­на
    мың тең­ге
    тон­на
    мың тең­ге
    тон­на
    мың тең­ге
    тон­на
    мың тең­ге
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    1
    Сиыр еті
    2
    Қа­ра­құ­мық жар­ма­сы
    3
    Орам­жа­пы­рақ
    4
    Кар­топ
    5
    Ай­ран
    6
    Ба­сты пи­яз
    7
    Тү­тік кес­пе
    8
    Күн­ба­ғыс майы
    9
    Са­ры май
    10
    Сүт
    11
    Ас­ха­на­лық сә­біз
    12
    Би­дай ұны
    13
    Та­уық еті
    14
    Кү­ріш
    15
    Құм­ше­кер
    16
    Тұз
    17
    Ірім­шік
    18
    Нан
    19
    Та­уық жұ­мырт­қа­сы, мың да­на
    Жал­пы қо­ры­тын­ды, та­уық жұ­мырт­қа­сы мен нан­ды қо­с­па­ған­да
    кестенің жалғасы
    Бар тауарлар
    Өткізілген көлем
    Қалдық
    тұрақтандыру қорларындағы
    форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде
    берілген қарыздар бойынша
    тонна
    мың теңге
    тонна
    мың теңге
    тонна
    мың теңге
    өткізу орны
    тонна
    мың теңге
    тонна
    мың теңге
    9
    10
    11
    12
    13
    Атауы: ____________________________________
    Мекенжайы ____________________________________________
    Телефоны __________________________________________
    Электрондық почтасы_ __________________________
    Орындаушы ______________________________________
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам:
    ______________________________________ __________________________
    аты және әкесінің аты (бар болса), тегі (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
    Күні: 20___ жылғы «____» _________
    Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру етіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанына қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсініктеме

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырады.

    3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

    4. Нысанды:

    мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын сәрсенбі күндері;

    облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне апта сайын бейсенбі күндері ұсынады.

    5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

    6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

    7. Нысанның 2-бағанында тауардың атауы көрсетіледі.

    8. Нысанның 3-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден және қайта өңдеу кәсіпорындарынан тікелей сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    9. Нысанның 4-бағанында азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілерден (дистрибьюторлардан) тікелей сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    10. Нысанның 5-бағанында форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден және қайта өңдеу кәсіпорындарынан сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    11. Нысанның 6-бағанында форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілерден (дистрибьюторлардан) сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    12. Нысанның 7-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына берілген қарыздар бойынша сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    13. Нысанның 8-бағанында азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздар бойынша сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    14. Нысанның 9-бағанында тұрақтандыру қорларында бар тауарлардың саны, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    15. Нысанның 10-бағанында форвардтық шарттар мен оффтейк-келісімшарттар шеңберінде бар тауарлардың саны тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    16. Нысанның 11-бағанында берілген қарыздар бойынша қолда бар тауарлардың саны тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    17. Нысанның 12-бағанында өткізілген көлем, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    18. Нысанның 13-бағанында қалдық, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.