Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесі 7 (жеті) есе жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 7 (жеті) есе жоғарылатылсын.
3. Павлодар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 маусымдағы «Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы ставкасын жоғарылату туралы» № 48/365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 15 шілдеде № 4599 болып тіркелген, аудандық «Заман тынысы», «Нива» газеттерінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 29 сандарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың индустриялық-инновациялық дамудың және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы
К. Айғазинова
Мәслихат хатшысы
Б. Оралов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.