Катонқарағай аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабы 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Катонқарағай аудандық мәслихатының регламентің бекіту туралы» № 22/164-V (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3345 нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 6 маусымдағы № 43, 2014 жылғы 11 маусымдағы № 44 «Арай» газетінде жарияланған) шешімінін күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
В. Малахов
Катонқарағай аудандық маслихатының хатшысы
Д. Бралинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.