Катонқарағай аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Нормативтык құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына, сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі «Жер учаскелері үшін жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы»2004 жылғы 04 маусындағы № 6/10 –ІІІ шешімге өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-13-57 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы мамырдағы № 56, «Арай» газетінде жарияланған) № 12/122-ІV шешімінін күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданыска енгізіледі.
Сессия төрағасы
Е. Кешілбаев
Аудандық мәслихат хатшысы
Д. Бралинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.